Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Group-тың Ресейдегі еншілес банктері - Москоммерцбанк пен НБК-Банк интеграция үдерісін сәтті аяқтады

12.05.2024

2018 жылғы 22 мамыр, Мәскеу, Алматы – Бүгін Қазақстанда ең ірі Halyk қаржы тобының ресейдегі еншілес банктері - «НБК-Банк» АҚ-ның («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы) «Москоммерцбанк» КБ-ге (АҚ) («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) қосылу арқылы қайта ұйымдастыру рәсімін аяқтағаны жөнінде хабарлады.

Ресей Федерациясының заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізіміндегі тиісті тіркеу РФ Федералдық Салық қызметімен 2018 жылғы 15 мамырда енгізілді. Міне, осы күннен бастап, НБК-Банктің барлық міндеттемелері мен құқықтары Москоммерцбанкке өтіп, Москоммерцбанк НБК-Банктің барлық міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры атанды. 

«Біз НБК-Банк пен Москоммерцбанктің сәтті біріккені жөнінде қуанышпен айта аламыз. Қос банк артықшылықтарының бірігуі Halyk тобының ресейдің жоғары бәсекелестік нарығында жайғасымын нығайтып, клиенттердің көңілінен шығу үшін қызмет көрсету мүмкіндіктерімізді арттыра түсетініне сенімдіміз. Бүгінгі күні біздің алға қойған мақсатымыз банкингтің классикалық түрінен сандық бизнес үлгісіне өту болып табылады», - деді өзі сөзінде Москоммерцбанктің басқарма төрайымы Наталья Брежнева.

Оның айтуынша, енді біріктірілген банктің клиенттік базасы едәуір ұлғаяды. Оған жергілікті нарықта Ресей-Қазақстан біріккен жобалардың аясында жұмыс істеп жатқан Halyk тобының клиенттері мен серіктестері кіреді. Банк шағын және орта кәсіпкерлерге және ірі корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ транзакциялық қызмет пен сауда эквайрингті дамытуды көздеп отыр.

«Ресей Федерациясындағы еншілес банктерімізді қайта ұйымдастыру Halyk тобының ішінде болып жатқан интеграциялық үдерістердің маңызды қадамы десек артық болмас. Бұл алдыңғы жылы Қазкоммерцбанк тобын сатып алумен есептейтін болсақ, Halyk тобы қатысушыларының ісін оңтайландыру бойынша сәтті аяқталған бірінші жобасы. Москоммерцбанк бизнесі мен инфрақұрылымының нығаюы оның келешекте дамуына қажетті күш беріп, ресейдегі клиенттерімзе өнімдеріміз бен қызметтеріміздің кең түрін ұсыну үшін Halyk Group ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні анық. Реседегі еншілес ұйымымыздың алдағы уақыттағы негізгі мақсаты кредиттік қоржынның сапасы мен өсімін арттыру, сандық банкингті дамыту және клиенттік сервисті одан әрі жетілдіру», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.

Қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Москоммерцбанктің активтері 23 млрд ресей рублінен асып кетті, кредиттік қоржын - 12,4 млрд рубльді, жеке капиталы - 5,7 млрд рубльді құрады. Біріктірілген банктің даму стратегиясында клиенттік базаның көлемі өсіп, ссудалық қоржыны (нетто) екі есеге ұлғаяды деп күтілуде.  

Қазіргі уақытта Москоммерцбанктің 2 филиалы Санкт-Петербургта және Калининградта орналасқан, сонымен қатар Новосибирск және Челябинск қалаларында екі кредиттік-кассалық кеңселері бар.  

Halyk Group-тың ресейлік еншілес банктерін – НБК-Банк пен Москоммерцбанкті біріктіру туралы тиісті шешімі 2017 жылғы 28 желтоқсанда «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесімен және 2018 жылғы 8 қаңтарда «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған.