Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2018 жылғы 1 тоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық нәтижелері туралы

11.05.2024

«Қазақстанның банктік секторын сауықтыруды жалғастыру жағдайында Halyk Group компаниялары 2018 жылдың бірінші тоқсанында топтың стратегиялық бастамаларын есепті кезеңнің қорытындылары бойынша да жоспарлы іске асыруды жалғастырып, жұмыстың жақсы нәтижелерін көрсетті. Бизнес өтімділігінің өсуі көптеген жағдайда топтың жүйе құраушы банктерінің және сақтандыру компанияларының жалғасып жатқан интеграциясына байланысты. Осы ауқымды процесті екінші жартыжылдықта аяқтау басты мақсат болып сақталып тұр, бұл нарықтағы көшбасшы позицияларды сақтап қалуды мүмкін етіп қана қоймай, Қазақстанда банктік қызметтер саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін қажетті алғышарт болады», — деп Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР[1]

Halyk тобының («Казкоммерцбанк» АҚ — Qazkom тобының көрсеткіштерін ескере отырып) таза кірісі 2018 ж. 1 тоқсаны үшін 62,1  млрд теңгені құрады, бұл 2017 ж. 4 тоқсанның нәтижесінен 63,1%-ға асып тұр. «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың (Банк) таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2017 ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда, 35,2%-ға өсіп, 57,7 млрд теңгені құрады. Qazkom-ның таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2018 ж. 1 тоқсаны үшін 32,9 млрд теңгені құрады.

Топтың таза пайыздық кірісі (кредиттік шығындар бойынша шығыстарға дейін) 2017 ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен клиенттерге берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету (жылдығы 13,7%-дан жылдығы 12,5%-ға дейін) және 2018 ж. 1 тоқсанында «Казкоммерцбанк» АҚ-тың мерзімсіз еурооблигациялары бойынша дисконтты амортизациялау есебінен 9%-ға —74,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Таза пайыздық маржа 2017 ж. 4 тоқсанындағы жылдығы 4,9%-бен салыстырғанда, 2018 ж. 1 тоқсанда негізінен «Казкоммерцбанк» АҚ-тың одан төменірек таза пайыздық маржасы және «Altyn Bank» АҚ-тың пайыздық активтерін сатуға арналған активтерге қайта жіктеу есебінен жылдығы 4,3%-ға дейін төмендеді.

Кредиттік шығындар бойынша шығыстар 2017 ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен «Казкоммерцбанк» АҚ-тың кейбір клиенттері проблемалық берешекті өтеуі және «Казкоммерцбанк» АҚ және оның ресейлік еншілес ұйымының құнсызданған заемдары бойынша құрылған бір жолғы қосымша провизиялар есебінен 88%-ға төмендеді. Нәтижесінде, клиенттерге берілген қарыздар бойынша тәуекелдің құны 2017 ж. 4 тоқсандағы жылдығы 4,8%-бен салыстырғанда, жылдығы 0,2%ға дейін төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2017 ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен маусымдық әсердің есебінен 8,3%-ға төмендеді.

Өзге пайыздық емес кірістер 2017 ж. 4 тоқсанындағы 48,2 млрд теңгемен салыстырғанда, 2018 ж. 1 тоқсан үшін 10,2%-ға — 43,3 млрд теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу негізінен пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза шығынның, ең бастысы туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан келген залалдың және 2018 ж. 1 тоқсанда теңге бағамының нығаюы есебінен сауда операцияларының есебінен болды. Төмендеу шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен таза пайдамен, әсіресе 2018 ж. 1 тоқсанға теңге бағамының нығаюы себепті баланс бойынша АҚШ долларындағы қысқа позицияларды оң қайта бағалаудың нәтижесінде ішінара өтелді.

Операциялық шығыстар негізінен қайырымдылыққа, амортизацияға біржолғы шығыстардың, сатуға арналған активтердің құнсыздануынан түскен шығынның және 2017 ж. 4 тоқсанда «Казкоммерцбанк» АҚ-тың салықтық аудиті нәтижесінде айыппұлдардың, сондай-ақ табыс салығын қоспағанда, салықтар бойынша шығыстардың есебінен 21,9%-ға төмендеді

Операциялық кірістерге операциялық шығыстардың қатынасы 2018 ж. 1 тоқсанда операциялық шығыстардың тым төмен деңгейінің есебінен 2017 ж. 4 тоқсан үшін 33.5%-бен салыстырғанда 29.3%-ға дейін төмендеді.  Операциялық кіріс негізінен 2018 ж. 1 тоқсанда дериватитвтік құралдарды теріс қайта бағалау, сондай-ақ 2017 ж. 4 тоқсанмен салыстырғанда 2018 ж. 1 тоқсанда табылған тым төмен пайыздық кірістің есебінен 9.2%-ға төмендеді.

АКТИВТЕР

Halyk тобының активтері 2017 ж. 31 желтоқсанымен салыстырғанда, негізінен Банк клиенттерінің қаражатты ішінара алуы, РЕПО мәмілелерінің жабылуы және 2018 ж 1 тоқсанда теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының нығаюы нәтижесінде шетел валютасындағы активтердің баланстық құнының деноминациялануы есебінен 5%-ға төмендеді

Клиенттерге берілген қарыздар 2017 ж. 31 желтоқсаннан бастап салыстырғанда брутто негізде бұрынғы деңгейде қалды десе болады және нетто негізде Казкоммерцбанк портфелінде жаңадан берілген қарыздардың көлеміне өтелетін берешектің, ХҚЕС 9 сәйкес құрылған қосымша провизиялардың асып кетуі және 2018 ж 1 тоқсанда теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының нығаюы нәтижесінде шетел валютасында деноминацияланған қарыздардың баланстық құнының төмендеуі салдарынан   0.8%-ға төмендеді.

Банк пен Казкоммерцбанктің агрегаттаулы NPL 90+ коэффициенті 2017 ж. 31 желтоқсандағы 12.5%-бен салыстырғанда 11.5%-ды құрады. 2017 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі негізінен  Казкоммерцбанк клиенттерінің мерзімі өткен берешегін есептен шығаруы және өтеуі есебінен болды.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2017 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, негізінен Банк клиенттерінің оларды жеке қаржыландыру мақсаты үшін қаражатты ішінара алуы есебінен сәйкесінше 10.9% және 1.4%-ға төмендеді.  2017 ж. 31 желтоқсанда теңгеде деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі депозиттердің жалпы сомасында 2017 ж. 31 желтоқсанда 48.3%-бен салыстырғанда 2017 ж. 31 наурызда 54.2%-ды құрады, бұл кезде  теңгеде деноминацияланған бөлшек депозиттердің депозиттердің жалпы сомасындағы үлесі 2017 ж. 31 желтоқсандағы 40.7%-бен  салыстырғанда 42.7%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2017 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда негізінен  2018 ж. 1 тоқсанда Қазақстан Қор Биржасымен РЕПО мәмілерінің жабылуы есебінен 37,9%-ға төмендеді. 2018 ж. 31 наурызда Банктің  қаржы институттарының алдындағы міндеттемелерінің 77.6%-ы 2014ж. және 2017ж. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2017ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, негізінен  Казкоммерцбанктің 2018 жылғы 9 ақпанда 6.1905%  + АҚШД Libor купондық сыйақысымен 100 млн. АҚШД мөлшерінде мерзімсіз тәртіптелген  еврооблигацияларды өтеуі есебінен 3.9%-ға төмендеді. Сонымен қатар, «Казкоммерцбанк» АҚ 2018 жылғы 11 мамырда айналым мерзімі өтіп кетуіне байланысты купондық мөлшерлеменің жылдығы 8.5%  мөлшерлемесімен 300 миллион теңге сомасына еврооблигацияларды толығымен төледі. Мерзімсіз тәртіптелген еврооблигациялар мен  еврооблигациялар «Казкоммерцбанк» АҚ жеке қаражатының есебінен өтелді.

Halyk тобының борыштық бағалы қағаздары

Борыштық құралдың атауы

Айналымдағы номиналды сома

Купон, % жылдық

Өтелетін күні

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ шығарған

 

 

 

Еврооблигациялар

500 млн. $ 

7.25%

қаңтар 2021

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған және БЖЗҚ-да орналастырылған облигациялар*

100 млрд. ₸

7.5%

қараша 2024

ҚР заңнамасы бойынша бойынша шығарылған және БЖЗҚ-да орналастырылған облигациялар *

131.7 млрд. ₸

7.5%

ақпан 2025

«Казкоммерцбанк» АҚ шығарған*

 

 

 

Еврооблигациялар

750 млн. $

5.5%

желтоқсан 2022

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған облигациялар

94.2 млрд. ₸

8.75%

қаңтар 2022

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған облигациялар

59.9 млрд. ₸

8.4%

қараша 2019

Тәртіптелген купондық облигациялар

101.1 млрд. ₸

9.5%

қазан  2025

Тәртіптелген купондық облигациялар

3.5 млрд. ₸

 

7.8%*

сәуір 2019

Тәртіптелген купондық облигациялар

10 млрд. ₸

8.0%*

қараша 2018

 * «Москоммерцбанк» КБ (АҚ) («Казкоммерцбанк» АҚ ресейлік еншілес ұйымы) 52.6 млн. рубльге шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда.

** Инфляцияға индекстелгені (осы сәтке келтірілген купон)

КАПИТАЛ

Halyk тобының меншікті капиталы 2017 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда, негізінен топтың 2018 ж. 1 тоқсандағы таза пайдасының есебінен 1.4%-ға өсті. Капитал өсімі 2018 ж. 1 қаңтарда 9-ХҚЕС-ке өтуіне байланысты Банк құрған қосымша провизиялармен, сондай-ақ есептік кезең ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ жеке акцияларын сатып алумен ішінара сақталып тұрды.

Банк капиталының жеткіліктілік коэффициенттері

 

 

01.04.2018

01.01.2018

01.10.2017

01.07.2017

 

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырландырылмаған:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

K1-1

 

21.7%

21.5%

20.2%

22.1%

K1-2

 

21.7%

21.5%

20.2%

22.1%

K2

 

21.6%

21.4%

20.1%

22.1%

 

 

 

 

 

 

«Казкоммерцбанк» АҚ

K1-1

 

21.3%

18.0%

13.1%

 

K1-2

 

21.3%

19.9%

15.0%

 

K2

 

28.9%

26.9%

10.3%

 

 

 

 

 

 

 

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырланған:

негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (CET)

18.1%

16.9%

15.4%

21.6%

 

бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің  коэффициенті

18.1%

16.9%

15.8%

21.6%

 

меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

20.0%

18.9%

17.8%

21.6%

 

* Коэффиценттердің әрқайсысы үшін 3% консервациялау буферін және 1% жүйелік буферін қоса алғанда, капитал жеткіліктілігінің ең төменгі талаптары: k1 ­– 9.5%, k1-2 – 10.5% және k2 – 12.0%.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің  рейтингтері

Moody's Investors Service

 

Шетел валютасындағы ұзақмерзімдік депозиттер

Ba1

Шетел валютасындағы қысқамерзімдік депозиттер

Not prime

Рейтинг болжамы

тұрақты

Standard and Poor`s

Ұзақмерзімді қарсыагенттік рейтинг

BB

Қысқамерзімді қарсыагенттік рейтинг

B

Рейтинг болжамы

жағымсыз

Fitch Ratings

Шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақмерзімдік рейтингі

BB

Шетел валютасындағы қысқамерзімдік рейтинг

B

Тұрақтылық рейтингі

bb

Қолдау рейтингі

4

Ұзақмерзімдік рейтингке болжам

тұрақты

 ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу

Халық банкінің мемлекеттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен пәрменді ынтымақтастығы 2018 жылы да жалғасын тапты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қоратындысы бойынша Халық банкі бағдарламаға қатысушы банктердің арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мақұлданған жобалардың саны (2 037 жоба) жағынан – бірінші орынды және субсидияланған портфель көлемі (289,4 млрд теңге) жағынан – екінші орынды сенімді түрде иеленіп отыр.

«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты  Халық банкінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы болып табылады. Халық банкінің клиенттерімен бұл бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 889 кепілдік шартына қол қойылды, ол бағдарлама аясында шығарылған кепілдіктердің жалпы көлемінің 22,6 %-ын (3 938) құрайды. Халық банкінің клиенттері үшін «Даму» қорының жиынтықтағы кепілдік мөлшері  ақшалай көрсетілгенде 12,7 млрд теңгені немесе осы бағдарлама бойынша шығарылған жалпы кепілдік сомасының 21,6 %-ын құрады. Осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша және жалпы алғанда Халық банкі бағдарламаға қатысушы банктердің ішінде тұрақты түрде 1 орынға ие болып тұр. 

Бұған қосымша Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 млрд теңгеден Халық банк 78,9 млрд теңге сомасына 319 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражаттар көлемі бойынша Халық банк алғашқы үштікке кіреді.

ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Халық банк пен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгеге 25 келісім бекітілген, оның ішінде жалпы сомасы 6,4 млрд. теңгені құрайтын 21 келісім бойынша бастапқы игеру 100%-бен аяқталды. Бүгінгі күні Халық банк 2017 және 2018 жж. бағдарламасы бойынша бөлінген, қалған 2,4 млрд теңге қаражатты бастапқы игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2017 жылғы тамыздан бері Халық банк нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуда. 2018 жылғы 31 наурыз жағдайы бойынша банк Алматы, Астана қалаларында және Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола сияқты 10 облыста қызмет етіп отыр. Бұл ретте Халық банкте орналастырылған қаражаттар сомасы 3,212 млрд теңгені құрайды.

2017 жылғы желтоқсанда Халық банк «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісе бастады (жеке құрылысшылардың тұрғын үй салуын ынталандыру бағыты шеңберінде). Бүгінгі күні бағдарлама шеңберінде банкте 3 клиент бар.

Бөлшек бизнес

2018 ж. 1 сәуір жағдайына банк бөлшек бизнестегі озық позициясын сақтап келеді: оның жеке тұлғалар салымдары нарығындағы үлесі 19,89% құрайды. Есеп күніндегі банктің кредиттік портфелі 588 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша банк нарықтың 14,43% иеленіп отыр.

Халық банктің бөлшек клиенттік базасы тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр: бүгінгі күні мұнда 8 млн клиентке қызмет көрсетіледі, олардың ішінде белсендісі (бірнеше банк өнімін қолданушылар) – 5,9 млн немесе 74%.

Халық банк шығарған төлем карталарының саны 6,5 млн данаға дейін ұлғайды. Қызмет көрсетілетін әрекеттегі төлем карталарының саны бойынша банк нарықтың 39% иеленіп отыр.

2018 жылғы 1 тоқсанда Халық банк Проблемалық кредиттер қоры ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға бөлген қаражаттарды белсенді түрде игеруді жалғастырды. Осы мақсаттар үшін банкке 28,6 млрд теңге мемлекеттік қаражат бөлінді. 2018 жылғы 1 сәуір жағдайына банк жалпы сомасы 27,6 млрд теңгеге қарыз алушылардың өтініштерін қабылдады, олардың ішінде 23,3 млрд теңгеге қайта қаржыландыру мақұлданды, ал нақты жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге қайта қаржыландыру жүргізілді. 2017 ж. 1 сәуірден бастап банк тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайтарылатын қаражат есебінен қайта қаржыландырады.

Халық банктің филиалдық желісі еліміздің коммерциялық банктері арасындағы аса тармақталғандардың бірі болып саналады және клиенттердің барлық сегментіне қызмет көрсететін 22 облыстық/өңірлік филиалы мен 460 бөлімшесі бар. Банктің эквайрингтік құрылғыларының желісіне 2 364 банкомат пен 576 төлем терминалы кіреді, Казкоммерцбанктің 2200 банкоматы мен 593 терминалымен бірге Қазақстандағы банктік қызмет көрсетудің қашықтықтағы арналары бойынша ең дамыған желісін құрайды.

Банк клиенттері икемділік пен жайлылықты көбірек бағалайды: 2018 ж. 1 сәуір жағдайына қашықтықтан қызмет көрсету арналары (банкоматтар, төлем терминалдары және интернет-банкинг) арқылы өткен төлемдер саны – Халық банктің жеке тұлға – клиенттері төлемдерінің жалпы санынан 80,6% құрады. Бұл 2018 жылдың басымен салыстырғанда ұқсас көрсеткіштен 3,6% асады. Клиенттер myHalyk мобильді банкингін де белсенді пайдаланады: оның үлесіне Халық банктің интернет-банкингі арқылы өткізілетін төлемдер мен аударымдардың жалпы санынан 69% транзакция кіреді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz
тел. +7 727 2 585 145 іш. 57615| pr@qazkom.kz


[1] 2018 жылғы 1 тоқсанның деректері 31.03.2017 ж. аяқталған кезең үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікке ұқсас «Altyn Bank» АҚ-ты ескерусіз берілген.