Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық қоры және Халық банк «Үміт кубогы» біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

11.05.2024

2018 жылғы 23 мамыр, Алматы – Петропавл балалар үйі командасы Алматыда сәрсенбіде аяқталған баскетбодан республикалық «Үміт кубогы» біріншілігінде топ жарып шықты. Екінші және үшінші орынды Семей және Қостанай балалар үйінің жасөспірімдері алды.   

Осымен чемпионат Ұлттық баскетбол федерациясы мен «Халық» қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастырып отырған әлеуметтік «Халық лигасы» жобасының аясында 13-ші рет қатарынан өткізіліп отыр. Банк «Халық» қоры арқылы Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған 18 балалар мекемелерін спортқа қажетті керек-жарақтарымен жабдықтап, бапкерлер құрамның жұмысын өтейді. Міне, осы ауқымды жұмыстардың арқасында балалар үйінде баскетбол аптасына екі, үш рет өткізіледі. Жобаның жылдық бюджеті 40 млн теңгеден асады. 

Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл жолы біріншілікке «Движение вверх» фильмі кейіпкерлерінің түптұлғалары болған, 1972 жылы Мюнхенде өткен АҚШ пен КСРО арасында аңызға айналған матчтың қатысушылары – Олимпиада чемпиондары Әлжан Жармұхамедов және Иван Едешко арнайы шақырылған еді. Едешко мырза біріншіліктің ашылу салтанатынан кейін, жас спортшыларға шеберлікті жетілдіру мақсатында арнайы жатттығу жүргізді.

«Бұл біріншілік бізге әрқашан өзіңе, достыққа және адамдарға деген сенімімізді арттыруға әрі барлығы біздің қолымыздан келетініне көз жеткізуге Үміт береді», - дейді өз жазбасында Екібастұз қаласы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Банк баскетбол ардагерлерін  - КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушысы Шора Юмашев пен Қазақ ССР-на еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 50-60 жылдары Қазақстан құрамасының мүшесі Владимир Мұхамеджановты шақырды.   

«Баскетбол – спорттың ең жақсы түрі десек артық болмас. Өйткені, оның ішіне жүгіру, секіру, тактикалық шешімдер сияқты спорттың бірнеше түрі жинақталған. Мен өз тарапымнан балаларға осы спорт түрін ары қарай жалғастырып, шебер атануға тілеймін», - деді Владимир Мұхамеджанов 

Ал Қазақстанның Халық банкі Директорлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Баскетбол Федерациясының Алматыдағы бөлімнің директоры Анвар Сайденов өз сөзінде, баскетбол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спортта, сондай-ақ өмірде жетістікке жетуге жетелейді деді.  

Чемпионаттың жеңімпаздары «спорт шеберіне үміткер» дәрежесіне, сондай-ақ Қазақстанның Халық Банкі мен «Халық» қайырымдылық қорының бағалы сыйлықтарына ие болды.

Бұл Чемпионаттың дәрежесі жылдан жылға өсуде. Биылғы шараға «Эйр Астана» әуекомпаниясы мен «Көк төбе» Паркі айтарлықтай қолдау көрсетті.

Анықтама үшін:

«Halyk» қайырымдылық қоры -  қайырымдылық іс-шараларды жүйелі түрде атқару мақсатында Halyk тобында арнайы құрылған қайырымдылық қоры. Қор өз қайырымдылық және спонсорлық жұмысын әлеуметтік, мәдениет, спорт және білім салалары бойынша атқарады. «Халық лигасы» әлеуметтік жобасының 12 жылы ішінде жоба арқылы балалар үйінің 3 мыңға жуық тәрбиеленушісі өтті. Жалпы осы жобаны қаржыландыруға Halyk Bank 350 млн теңгеден астам қаржы жұмсады. «Halyk» қайырымдылық тобының құрылтайшысы Динара Құлыбаева.

Байланыс үшін:
Лариса Коковинец, «Халык» қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры
Тел: +7 (727) 258 54 56
info@halykfund.kz press-service@qazkom.kz