Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank Onlinebank Qazkom негізінде заңды тұлғалар үшін онлайн-банктің жаңа нұсқасын сәтті енгізді

11.05.2024

Алматы, 31 мамыр 2018 ж. — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі — Халық банк) өнеркәсіптік пайдалануға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін интернет-банкингтің жаңа — Onlinebank Halyk жүйесін іске қосты. Бұл бағдарламалық жасақтама 1998–2018 жылдары еншілес «Казкоммерцбанк» АҚ-тың (бұдан әрі — Казкоммерцбанк) мамандары әзірлеген бір аттас интернет-платформаның жаңғыртылған және жетілдірілген нұсқасын білдіреді.

Бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасы заңды тұлға мен ЖК клиенттерге қызмет көрсету бойынша Халық банк пен Казкоммерцбанктің ең үздік тәжірибелері мен ноу-хау есепке алына отырып әзірленді. Бастапқы кезеңде Onlinebank Halyk ұлттық және шетел валюталарымен төлемдер жүргізу, айырбастау операцияларын жүргізу, депозиттерге қызмет көрсету, валюталық бақылау және заңды тұлғалардың шоттары бойынша үзінді көшірмелер алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Жақын айларда жаңғыртылған интернет-платформаның функционалы кәсіпорын шоттарындағы қаражатты тиімді басқарудағы жаңа, өте ыңғайлы опцияларды енгізу есебінен айтарлықтай кеңейтілетін болады. Бұған қоса, жақын арада шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған порталдың арнайы нұсқасын — Onlinebank Start, сондай-ақ Android және iOS операциялық жүйе негізіндегі мобильдік құрылғылар үшін тиісті қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр.

Onlinebank Halyk бағдарламалық жасақтамасы рұқсат етілмеген қолжеткізуден сенімді қорғаныс пен клиенттер деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ете отырып, фронталды банктік жүйелердің қауіпсіздігіне қойылатын заманауи талаптарға толықтай сәйкес келеді.

Жаңа сервисті пайдалану ыңғайлылығы – дайындықтың кез келген деңгейіндегі пайдаланушыларға бағдарламаның негізгі функцияларын оңай меңгеруге және жұмысты ең алғашқы сессиядан бастауға мүмкіндік беретін қарапайым, түсінікті интерфейстің есебінен қамтамасыз етіледі. Бұған қосымша, клиенттерге егжей-тегжейлі нұсқаулықтар және жаңа онлайн-банкингтің мүмкіндіктерін тез меңгеруге көмектесетін Халық банктің мамандарының кеңесі қолжетімді болады.

Клиенттердің Onlinebank Halyk функционалына жайлы өтуін және олардың бейімделуін қамтамасыз ету үшін Халық банк заңды тұлғаларға арналған интернет-банкингтің бұрынғы нұсқасын және жаңа онлайн-платформаны біруақытта пайдалану мүмкіндігін бірнеше ай бойы сақтап тұрады, бұл ретте  клиенттер екі интернет-сервистің арасында оп-оңай ауыса алады.

Өз кезегінде Qazkom клиенттері (заңды тұлғалар мен ЖК) онлайн-банкингтің әдепкі нұсқасымен жұмысты Казкоммерцбанктің Халық банкіне қосылған сәтіне дейін ағымдағы жылдың екінші жартысында жалғастыра алады, бұдан кейін олардың Onlinebank Halyk платформасына жайлы өтуі қамтамасыз етілетін болады.