Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық банкі Agricultural bank of China-мен келісімге қол қойды

16.05.2024

Бүгін ҚХР Үрімшіде қазақстандық валюта теңгенің инкассациясы қызметтерін ашу туралы келісімге және «Қазақстан Халық Банкі» (бұдан ары – Халық Банк) АҚ және Agricultural Bank of China арасындағы трансшекаралық банкаралық төлем жүйесінің қызметтері туралы серіктестік қарастырылу жайлы келісімге қол қою рәсімі өткізілді. Бірінші келісім құжатына сәйкес, Халық банк Agricultural Bank of China үшін қазақстандық валюта теңгенің инкассациясы қызметтерін ашады. Екінші келісім құжатына сәйкес, трансшекаралық есепті қоса алғанда ақша қаражатын юаньға ауыстыру және трансшекаралық ақша аударымдарды және қаржы институттарының төлемдерін және жеке тұлғалар т.б. трансшекаралық банкаралық төлем жүйесі бойынша қызмет көрсету серіктестігі қарастырылуда.

  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары  Ертай Салимовтің айтуынша, «Қазіргі әлемдегі экономикалық біріктіру  - табысқа бет алған әрбір елдің өркендеуінің кепілі. Қазақстан өзінің транзиттік әлеуетін толық көлемде түсінеді және көрші елдердің бастамаларын қолдайды. Өз жағымыздан біз ақша ағымдарын ұйымдастырудағы қаржы иснтитуттары ретіндегі өз рөлімізді түсінеміз, банктерді экономиканың қантамырлар жүйесі деп атайтыны бекер емес шығар. Бүгінгі күні біз қытайлық және қазақстандық кәсіпкерлердің бір-біріне білдіретін қызығушылығын байқаймыз: өткен жылы біздің банк қытайлық юаньмен жасаған  шығыс төлемдерінің көлемі 5 есе рет ұлғайып, 28 млн юаньді құрды. Қазақстан және Қытай тараптарының экономикалық серіктестігі жалпы барлық аумақтың дамуына жағдай жасайтынына сенімдімін».

Қазақстан Халық Банкі қытай серіктестерімен белсене өзара әрекет жасауда – шамамен 10 жылдай біз UnionPay International жүйесімен серіктес құрып келе жатырмыз. Осыдан үш ай бұрын Қазақстан Халық Банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова UnionPay International-дың Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңестің төрайымы болып тағайындалды, бұл қазақстандық банктің өңірдегі төлем жүйесінің бизнесін дамытуға маңызды үлес қосқанын дәлелдейді. Сонымен бірге Халық банк бірнеше қытайлық ең үлкен банктерімен корреспонденттік қарым-қатынасты белсенді түрде қолдап келеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz