Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық банкі» АҚ 2016 жылдың 6 айы бойынша шоғырландырылған қаржы нәтижелері туралы

16.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы Үміт Шаяхметова: «Макроэкономикадағы құбылмалылық пен күрделі жағдайға қарамастан Халық Банкі 2016 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындылары бойынша оң нәтиже көрсетті.  Біздің тапқан кірісіміз 57.1 млрд теңге болып, осылайша біз капиталдың мөлшерін ұлғайта алдық, сонымен бірге, 2016 жылдың басында нарықта болған теңгедегі өтімділіктің тапшылығы мен қорландыру құнының өсуіне қарамастан, активтер сапасы мен несиелік портфельді бұрынғы деңгейде сақтап қалдық. Біздің Банк клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын жақсарта және кеңейте отырып экономиканың нақты секторларын және халықты қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып қалуда. Банктік сектордағы өсіп келе жатқан бәсекеге қарамастан, біз қазақстандық қаржы нарығында жетекші орнымызды сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз»,- деп жариялады.

2016 ж. 1-жартыжылдығында Банк көбінесе пайыздық және комиссиялық кірістің өсуі, сондай-ақ Банктің валюталық активтерінің жағымды қайта бағалануы есебінен 57.1 млрд теңге мөлшерінде таза кіріс алды.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2015 ж. 6 айына қарағанда 2016 ж. 6 айы ішінде, көбінесе банктік аударымдар, пластик карталарға қызмет көрсету және клиенттерге зейнетақы төлеу бойынша Банктің транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 11.1%-ға өсті.

2016 ж. 6 айы бойынша құнсыздануға резервтерге аударуға дейінгі таза пайыздық кіріс, негізінен пайыздық активтерінің орта қалдықтарының ұлғаюы және олар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің жылдығы 10.5%-дан жылдығы 11.1%-ға дейін өсуі есебінен,   2015 жылғы 1-ші жартыжылдыққа қарағанда 11.1%-ға 83.8 млрд теңгеге дейін өсті. Таза пайыздық маржа, 2015 жылғы тамызда теңгенің құнсыздануы салдарынан пайыздық активтердің құрамдас бөліктері қайта бағаланғандықтан олардың есептік кезеңдегі ұлғаюы есебінен, 2015 жылғы 6 айдағы жылдығы 6.7%-дан жылдығы 5.6%-ға дейін төмендеді.

Орта меншікті капиталға қайтару (RоAE) 2015 ж. 6 айдағы  жылдығы 23.3%-дан жылдығы 20.8%-ға төмендеді және сонымен қатар 2015 ж. 2-ші тоқсандағы жылдығы 23.7%-дан  2016 ж. 2-ші тоқсанда жылдығы 24.2%-ға дейін ұлғайды.

Операциялық шығындар 2015 жылғы 6 аймен салыстырғанда көбінесе Банк жұмыскерлерінің бөлек санаттарының жалақысын көбейту есебінен және жалақының индексациясы орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген уәждемелеу бонустарының схемасы есебінен 8.2%-ға өсті.

Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы пайыздық кірістің өсуі есебінен өскен 2016 ж. 6 айындағы жоғарылау болған операциялық кіріс нәтижесінде 2015 жылғы 6 айдағы 30.3%-бен салыстырғанда 2016 жылғы 6 айда  29.2%-ға дейін төмендеді.

2016 ж. 6 айында активтер Банктің депозиттік базасының ұлғаюы нәтижесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 10.0%-ға өсті.

2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда клиенттерге берілген қарыздар брутто негізінде 0.8%-ға және нетто негізінде 0.7%-ға төмендеді. Төмендеу нарықтағы теңгемен жасалған қорландырудың шектеулі саны мен 2016 ж. 1 тоқсандағы жоғары сыйақы мөлшерлемелеріне байланысты болды. 2016 ж. 2 тоқсанында жергілікті қаржы нарығы тұрақтанып, бұл теңгедегі өтімділік жағдайын жақсартып, кредиттеу үшін жағымды жағдай құрды. 2016 жылғы 31 наурызмен салыстырғанда, Банктің несиелік портфелі брутто негізінде  1.5%-ға және нетто негізінде 2.0%-ға ұлғайды. Несиелік портфель брутто түрінде барлық бизнес-сегменттерінде өсті: корпоративтік несиелік портфель – 0.6%-ға, ШОБ несиелік портфелі – 4.2%-ға және бөлшек несиелік портфель – 2.2%-ға.

Реттеуші талаптар шеңберінде есептелетін NPL 90+ үлесі 01.04.2016ж. 11.7%-бен салыстырғанда 01.07.2016 жылдағы жағдай бойынша 10.9%-ды құрды.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда көбінесе Қазақстандық Қор Биржасы арқылы ақша нарығындағы қарыз алу (қазынашылық вексельдермен РЕПО мәмілелері) көлемдерінің төмендеуі есебінен 2016 жылғы 30 маусымда 10.9%-ға төмендеді.  2016 жылғы 30 маусымда Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелері көбінесе 2014 және 2015 жылдары «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздар есебінен болды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда көбінесе 2016 жылы 25 сәуірде жергілікті тәртіптендірілген облигацияларды 4 млрд теңге сомасына жоспарлы өтеу есебінен 0.6%-ға төмендеді.

Заңды және жеке тұлғалардың депозиттері жыл басымен салыстырғанда сәйкесінше  21.3% және 4.1%-ға өсті, бұл ретте теңгемен жасалған депозиттері үлесі жыл басындағы 23.8%-дан 33.9%-ға дейін ұлғайды.

2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда меншікті капитал 2016 ж. 1-ші жартыжылдығында тапқан таза кіріс есебінен 10.9%-ға 588 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Халықаралық рейтингтік агенттіктері Қазақстандық коммерциялық банктер арасынан  «Қазақстан Халық банкі» жоғары дәрежелі рейтингпен: BB - Fitch Ratings-тен; ВВ - Standard&Poor`s-тан және Ва2 - Moody's Investors Service-тен бағаланды.

ШОБ қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалға қатысу

«Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және бизнесті дамытудың Бірыңғай Бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Халық Банкі – несиелік портфель көлемдері мен кредиттері мақұлданған қарыз алушылар санының көрсеткіштері бойынша коммерциялық банктер арасында жетекшілер қатарында. Банк коммерциялық банктер арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау шеңберіндегі жобалар бойынша сенімді 1-ші орынға ие –  01.07.2016ж. жағдай бойынша 1 257 жоба, жарты жылда бұл сан 152 жобаға көбейді, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойыша Банк портфелінің көлемі – 174.2 млрд теңгені құрайды, ЕДБ арасындағы Банктің үлесі - 13.7%. Бұған қоса, Халық банкі «Даму» КДҚ АҚ-мен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша басқа да бағдарламалардың бір қатарына қатысуда.

Қазақстан Халық банкі өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржыны қайта игеру бойынша жұмысты жалғастыруда. Банк қайталап игеруді есепке ала отырып, 1-ші транш шеңберінде – жалпы сомасы 26.3 млрд теңгеге 136 жобаны, 2-ші транш шеңберінде -  10.2 млрд теңгеге 39 жобаны, 3-ші транш шеңберінде жалпы сомасы 9.3 млрд теңгеге 55 жобаны қаржыландырды.

2016 жылғы 5 мамырдан бастап Халық банкі «Даму» қор мен жергілікті атқарушы органдар ақшасының есебінен іске асырылатын облыстардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру Бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бүгінгі күні келісімдер Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жалпы сомасы 3.4 млрд теңгеге жасалды, оның ішінде 2.8 млрд теңге кейіннен ШОК субъектілерін қаржыландыру банкте орналастырылды. Облысқа қарай түпкілікті қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме жылдығы 7%-дан 8.5%-ға дейін өзгеріліп тұрады. Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша келісімдер мақұлдау кезеңінде.

Банктің бөлшек бизнесі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды белсенді түрде қайта қаржыландырып жатыр: 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17.2 млрд теңге сомасына 2.8 мың өтінім қабылданды, оның ішінде 2.2 мың қарыз 12.5 млрд теңге сомасына қаржыландырылды.

ЕДБ бөлшек депозиттері нарығында бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша Халық банкі 20.7% деген үлеспен бірінші орын алуда. 2016 ж. бірінші жартыжылдығы бойынша жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі 60.0 млрд теңгені құрды.

Кредиттік портфель бойынша банктің үлесі бірінші жартыжылдық ішінде 15.99%-дан (2015 жылғы аяғындағы) 17.1%-ға дейін өсті, (нарықтың жалпы мөлшері - 3 325 млрд). Бөлшек несиелік портфельдің өсуіне негізгі қозғауыш ретінде тұтынушылық қарыздар болып қалады. Банк үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында жеке тұлғаларға жалпы сомасы 132 млрд теңгеге 136 мың кредит берді.  Халық Банкі төлем карталарына қызмет көрсету бойынша банктік қызметтер нарығында 45.6% деген үлеспен жетекші қатарында. 

Қашықтықтан сату арналары арқылы төлемдер санының үлесі 01.07.2016ж. жағдай бойынша 73.2%-ды құрады, бұл 2016 жылдың басымен салыстырғанда 4.3%-ға ұлғаюды көрсетеді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Интернет-банкинг жүйесі пайдаланушыларының саны 12%-ға өсіп, 786 мың клиентке жетті. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Интернет-банкинг пайдаланушылары 2.3 млн аса операция жасады, оның ішінде 2 млн операция төлемдер мен ақша аударымын құрайды, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21.6%-ға ұлғаюды көрсетеді.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Google Play мен App Store дүкендерінен «myHalyk» мобильдік қосымшасын жүктеп алудың жалпы саны 265 мыңнан асты (Android 188 711, iOS 78 269). Қосымша Google Play мен App Store-да «Қаржы» санатындағы тегін қосымшалар арасында кеңінен таралуы бойынша топ-3-ке кіреді. 

Қашықтықтан сату арналары арқылы төлемдер санының үлесі 1.07.2016 жылғы жағдай бойынша 73.2%-ды құрды, бұл 2016 жылдың басымен салыстырғанда 4.3%-ға ұлғаюды көрсетті.

Төлем терминалдарындағы операциялар саны 2015 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 еседен көп ұлғайып, шамамен 4.5 млн операцияны құрды, оның ішінде 2.6 млн данасы клиент үшін тегін операциялар. 

2016 жылғы сәуірдің басында «Қазақстан Халық Банкі» алғаш рет электрондық әмиян арқылы өз электрондық ақшасын төлем терминалдарында шығара бастады. Оның нәтижесінде банк республикадағы эмитент қана емес, электронды ақша жүйесінің операторы болған шамалы ЕДБ банктердің бірі болды.  

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «SMS-банкинг» қызметін белсене пайдаланушылар саны 17%-ға көбейіп, 1 512 мың қосылуды құрды.

Кері байланысты алу үшін және сервисті жақсарту мақсатында Халық банкі клиенттермен әлеуметтік желілерде белсене жұмыс атқарады. Банктің Facebook, Vkontakte, Instagram, Twitter-дегі аккаунтына жазылғандардың жалпы саны - 57 000 пайдаланушыдан аса. Банктің ЕДБ арасында Facebook бетіндегі қатысу белсенділігі ең жоғары - 27%. Орташа алғанда арыздануға жауап беру жылдамдығы 5-7 минутты құрайды, жауап беру пайызы – 100%, яғни клиенттердің барлық қойған сауалдарына банк 5-7 минут ішінде жауап ұсынады.

2016 жылы жазда Халық банкі WhatsApp, Telegram және Facebook Messenger мессенджерлерінде HalykDos атты автоматтық кеңесшіні іске қосты, ол тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат ұсынып тұрады. Виртуалды кеңес берушінің көмегімен валюталардың қолданыстағы бағамдары туралы, көпшілік қолданылатын депозиттер мен олардың шарттары туралы, кредиттің алуға болатын сомасын алдын ала есептеу функциясымен кредиттеу түрлері туралы, ақша аударудың әр түрлі жолдары туралы ақпарат алуға болады, сонымен бірге кеңесші жақын жердегі бөлімшені табуға көмектеседі, сіздерге жақын жерде орналасқан банкоматтар мен терминалдарын және олардың жұмыс уақытын көрсетеді. 

2016 жылы шілде айында «Euromoney» атты халықаралық басылым Халық банкін ең үздік қаржы институты деп атады.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі:

тел. +7 727 3 300 295, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz