Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы «Халық-Life» АҚ қазақстандық өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары халықаралық рейтингін растады

16.05.2024

Халықаралық рейтинг агенттігі  A.M. Best Europe - Rating Services Limited «Халық-Life» АҚ-ның Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары болып табылатын B+ қаржы орнықтылығы рейтингін және «bbb-» эмитенттің кредит рейтингін растады.  

«Біз өмірді сақтандыру нарығын одан әрі дамыту бағытында жұмсаған күш-жігеріміздің бірнеше жыл қатарынан A.M. Best Europe - Rating Services Limited халықаралық рейтинг агенттігінің беделді бағасымен расталуына аса қуаныштымыз. Бұл кезекті рет «Халық-Life» АҚ-ның қазақстандық нарықтағы батыл ұстанымын көрсетеді», - деп атап өтті Компанияның басқарма төрағасы Ерлан Камбетбаев.

ҚР Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 1 мамырдағы деректері бойынша, «Халық-Life» АҚ өмірді сақтандыру нарығында сақтандыру сыйлықақыларының алымы бойынша көшбасшы топтардың қатарына енеді. Бұл ретте сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 4,87 млрд. теңгеден асты – ол Қазақстандағы барлық өмірді сақтандыру компанияларының арасында сыйлықақылар алымының жалпы көлемінің 24 %.  

«Халық-Life» АҚ аннуитеттік сақтандыру сыныбында – зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының алымы бойынша 1-ші орынға ие.

2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Халық-Life» АҚ активтерінің мөлшері – 36 млрд. 419 млн. теңгені құраса, меншікті капитал 6,5  млрд. теңгеден асты. Компанияның сақтандыру резервтері 27,528 млрд. теңгені құрады. Жарғылық капитал мөлшері – 3,06 млрд. теңге.

***

«Халық-Life» АҚ Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Group» қаржы тобына кіретін Қазақстандағы өмірді сақтандыру жөніндегі жетекші компания болып табылады. Компания Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушысы және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі болып табылады. Қазақстандағы филиалдары мен өкілдіктерінің саны 21-ге жететін кең өңірлік желісі бар.