Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ Басқарма Төрағасы ""Атамекен"" ҰКП президиумының құрамына сайланды

16.05.2024

Астана қаласында ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер ""Атамекен"" Палатасының III Съезі өтті, оның барысында дауыс беру қорытындысы бойынша Төраға және басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі екі жылға 2018 жылдың маусым айының 25-ші жұлдызына дейін ұзартылды.
Сондай-ақ, 2016 жылы аккредиттеу-қауымдастықтың (одақтардың) өткізілуіне байланысты ҰКП Презедиум Комитеттері және олардың төрағаларының жаңа құрамы бекітілді.
""Қазақстан Халық банкі"" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қаржы секторы ҰКП Комитетінің Төрағасы болып сайланып, ""Атамекен"" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрамына кірді.

Комитет Ұлттық палатаның қаржы секторындағы (банк, сақтандыру, зейнетақы жинақтаушы, активтермен басқару, лизингілік, микроқаржылық, тәуелсіз бағалау институттары қызметі (аудиторлық, бағалау, рейтингілік, кредиттік бюро және басқа да ұйымдар), коллекторлық және қаржы нарығының өзге де салалары) қатынастарды дамытумен байланысты мәселелер бойынша міндеттерін шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді әрекеттестігі мақсатында құрылған.

1 Комитет міндеттеріне мына мәселелер бойынша Ұлттық палатаның келісілген ұстанымын талдау және жасау кіреді:

2 қаржы секторын дамыту саласында мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тұрғыдан келу;

3 қаржы секторы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру;

4 қаржы секторы саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешуді талап ететін басымдылықты түйткілдерді белгілеу;

5 қаржы секторын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

6 халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.