Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан халық банкі және Алматы әкімшілігі ынтымақтастық мемарандумына қол қойды

17.05.2024

Бүгін оңтүстік астанада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова ынтымақтастық мемарандумына қол қойды. Құжат Банк және әкімшілік арасындағы әлеуметтік-экономикалық әріптестікті ескертеді. Халық Тобының компаниялары оңтүстік астанада бизнес және әлеуметтік жауапкершілік көзқараста белсенді қатысып келеді. Жобалардан тыс, Халық банк Алматыда балалар үйіне, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, медицина мекемелеріне қолдау көрсетіп, топ мүшелері жеке өздері әртүрлі қалалық еріктілер белсенділер қатарында. 

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуы бойынша, «меніңше, ынтымақтастық мемарандумы біздің қалалық билікпен әріптестігімізді жаңа деңгейге шығарады деп үміттенемін. Біздердің бірлесіп келіскен шарттарымызбен Алматы зияткерлік тартылыс орталығы және шығармашылық элита, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қозғаушы күш ретінде, экономика үшін және республикадағы басқа өңірлерге үлгі болады. Біз сүйікті қаламызды жақсы көреміз, және әрбір Халық тобының қызметкерлері оның гүлденуіне үлесін қосады. Банк әрдайым қызметкерлер бастамаларын қолдайды - осы жылы біздің әріптестеріміз оңтүстік астана көгалдандыру жұмыстарына үлестерін қосып ағаштар отырғызылды, өткен жылы Алматы обылысының сел зардаптарын жою жобасына белсенді қатысты».

Экономикадағы дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстан Халық банкі демеушілік және қайырылымдылық істер бюджетін қыстартпады және қазіргі таңда  барлық әлеуметтік және Халық тобының демеушілік жобаларын шоғырландырып, аттас қайырылымдылық қорын жасауды жоспарлап отыр.

Қазақстан Халық банкінің кредиттік портфелі бөлшек банкинг бойынша тарихи жоғарғы позициясыны ұстанып 114 млрд. теңгені құрайды. Егер депозит жайлы айтсақ, Қазақстан Халық банкі барлық ЕДБ арасында Алматы қ. 27,44% нарықтағы үлесімен көшбасшы атанды. Оңтүстік астанада 732 мың төлем карталары Халық банк айналымында. Желіге қашықтан сату арналары 442 бірлік: 305 банкоматтар, 137 банк дүңгіршіктері және төлем карталары. 

Банк шағын және орта бизнесімен белсенді түрде жұмыс істеп оңтүстік астанадағы - 7 мың алматылық кәсіпкерлер банк тұтынушысы болып есептеледі, банктің ШОБ кредиттік портфелдің мөлшері Алматыда - 42,5 млрд теңге, Қазақстан бойынша Алматыдағы ШОБ кредиттік портфелдің үлесі -17,9% құрайды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ республика бюджетіне 26,32 млрд теңге көлемінде салық төлеген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4% жоғарылап, еліміздегі 30 ірі салық төлеушілердің қатарына енді.

PR-қызметі “Қазақстан Халық банкі» АҚ:

+7(727) 3300295, +77025890631

pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz