Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен серіктестік құра отырып, тасымалдау қызметтеріне корпоративтік карталармен төлеу бойынша онлайн-сервисті енгізді

16.05.2024

2016 жыл, мамыр, Астана қ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында 2014 жылғы қазанда қол қойылған Серіктестік туралы меморандум аясында жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерге корпоративтік карталармен төлеу жөніндегі онлайн сервис енгізілді.

«Бұл Компания мен Банк серіктестігі аясында табыстылықпен іске асырылған екінші жоба. Былтыр клиенттердің бірыңғай дербес шоттарына онлайн режимінде ақша аудару сервисі іске қосылды. Қазіргі уақытта біз жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерге Банктің корпоративтік карталарымен төлеу бойынша сервисті іске қосудамыз. Менің ойымша, Компания мен Банктің өзара тиімді серіктестігін дамыту қызмет  көрсету сапасының өсуіне, клиентке бағдарлануды ұлғайтуға көмектеседі», -деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Мақсат Қабашев.

Банктің корпоративтік карталарымен төлеу жүк жөнелтушілерге төлемдерді тез, ыңғайлы және қауіпсіз түрде тәуліктің кез келген уақытында, демалыс және мереке күндері жүргізуге мүмкіндік береді. Банктің корпоративтік карталарын пайдалану тиімді әрі ыңғайлы: жүк жөнелтуші Қазақстан бойынша қай аумақта болғанына қарамастан, ақша оның бірыңғай дербес шотына жедел түрде аударылады.

Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Сатубалдина атап өткендей, «осы жолы біз жүк жөнелтушілердің логистикалық жұмысын жетілдіру үшін жаңа өнімді құрдық, өйткені оларда демалыс және мереке күндері жедел төлемдер мен қосымша төлемдерді жүргізу мәселелері жиі туындайды. Банктің корпоративтік картасын демалыс күндері белгілі ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан Банк бөлімшелеріндегі POS-терминалдар арқылы толықтыруға болады, әдеттегідей, олар демалыссыз жұмыс істейді».

Қызметтерге төлеу және жүк жөнелтушілердің шоттарына ақша аудару бойынша онлайнсервис ұтқырлық пен уақытты бағалайтындар үшін арнайы құрылған.

1. Қызметті пайдалану үшін не істеу керек?

Банктің корпоративтік картасын шығарып, қолма-қол ашасыз жолмен немесе қолма-қол ақшамен ақша сомасын аудару керек. Жүкті Компанияның бөлімшелерінде ресімдеген кезде жүк тасымалдау қызметтері үшін төлемді Компанияның POSтерминалы арқылы жүзеге асыру керек.

2. Қызметтердің құны:

Жүк тасымалдау қызметтері үшін төлемдерді жүзеге асыру тарифтері жүк жөнелтушіден алынады:

Төлемдер сомаларының ауқымы

Тариф

- 1 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін

0.1% ең төм. 100 теңге

- 1 000 001 теңгеден

  5 000 000 теңгеге дейін     

0.05% ең төм. 700 теңге

- 5 000 001 теңгеден

 10 000 000 теңгеге дейін

төлем сомасынан 0.02%

- 10 000 001 теңге және жоғары

3000 теңге

3.      Төлемдер жасауға болатын станциялар тізімі:

 2016 жылғы 1 мамырдан бастап, корпоративтік карта арқылы төлем жүргізу үшін «ҚТЖ ҰК» АҚ келесі POSтерминалдары қолжетімді болады[1]»:

Станцияның атауы

      Оңтүстік Қазақстан облысы

Қызылорда облысы

 

19

Қазықұрт

1

Қызылорда

 

20

Қызыл-Сай

2

Белкөл

 

21

Қорғасын

Павлодар облысы

 

22

Черноводский (рзд)

3

Павлодар

 

23

Шымкент

24

Шымкент (жүк ауласы)

4

Павлодар-Порт

Ақмола облысы

5

Павлодар-Солтүстік

 

6

Павлодар-Оңтүстік

 

25

Чаглинка

7

Павлодар-Оңтүстік (жүк ауласы)

 

26

Көкшетау

 

Атырау облысы

Ақтау облысы

 

 

 

8

Атырау

 

27

Маңғышлақ

9

Теңдік

 

28

Ақтау-Порт

Алматы облысы

Батыс Қазақстан облысы

10

Алматы 1

 

29

Орал

11

Астана-Контракт Алматы 1

 

30

Орал 2

12

Алматы 1  ГТС

Шығыс Қазақстан облысы

13

Алматы 2

 

31

Защита (Солтүстік)

14

Ақсеңгір

 

32

Казиевка

15

Шамалган

 

33

Защита (Заводская)

16

Жетісу

 

34

Өскемен

17

Медеу

 

35

Жаңа Өскемен

18

Байсерке

Астана қаласы

 

36

Астана-Қырықыншы

      

4.      Картаны қалай толықтыруға болады?

Клиенттің корпоративтік карталық шотын ақшаны клиенттің Банктегі ағымдағы шотынан немесе клиенттің басқа банкте ашылған шотынан аудару жолымен, сондай-ақ Банк бөлімшесінде кәдімгі немесе жеделдетілген аудару арқылы қолма-қол ақшамен толықтыруға болады.

Корпоративтік карталық шотты толықтыруға Банктің тарифтері:

Шотты толықтыру

Тариф

қолма-қол ақшасыз төлеммен

0 теңге

бөлімшелер арқылы қолма-қол ақшамен (демалыс күндері толтырған жағдайда, дүйсенбі күні есепке алынады)

толықтыру сомасынан 0,25%

ең төм. 100 теңге

қолма-қол ақшамен төлеп бір сағат ішінде   

(pos-терминал арқылы)

0,5% ең төм. 600 теңге

[1] Станциялардың тізімі Банктің/Компанияның сайтында жаңартылуға жатады