Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ «Қазақстан Темiр Жолы» ҰК» АҚ-ның теңгелік облигацияларының бастапқы шығарылымы номиналдық көлемі 50 млрд теңге айналыс мерзімі 10 жыл болып, ойдағыдай орналастырылғаны жөнінде хабарлайды

17.05.2024

25 сәуірде «Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (“ҚТЖ”) өзінің теңгелік облигацияларының бастапқы шығарылымын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-нда  50 млрд теңге номиналдық көлемінде 10 жылдық айналыс мерзімімен ойдағыдай орналастырды. Бұл мәміле отандық борыштық капитал нарығында 2016 жылдың басынан бері жүргізілген ең ірі орналастыру болып табылады.

Бұл мәміле бойынша жалғыз қаржылық консультант әрі андеррайтер ретінде әрекет еткен Halyk Finance-тың кәсіби қолдауына орай, ҚТЖ биылғы қазақстандық борыштық капитал нарығында «мұзжарғыш» болып, Қазақстандағы барлық қалған квази-тәуелсіз эмитенттерге борыштық қаржыландыруды тартуға жол салды.

«Біздің ұлттық көлік-логистикалық операторымыздың уақытылы жасалған мәмілесі  қазақстандық қаржы нарығы үшін биыл айрықша оқиға болып келдіБұл шығарылым ҚТЖ теңгелік облигацияларының бастапқы орналастырылуы болып, шын мәнінде, біздің жүйе құрушы инфрақұрылымдық ұлттық компаниямызға отандық қор нарығында теңгелік қарыз алу тарихын сәтті түрде ашқанын сезіну біз үшін ерекше болып көрінедіБұл маңызды мәміле біздің бүкіл еліміздің зор транзиттік әлеуетін одан әрі табыстылықпен дамытуға айтарлықтай позитивті үлесін жасайтынына сенімдімін», – деп атап өтті Halyk Finance Басқармасының Төрағасы Арнат Абжанов.

***

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерінің құрамына кіретін мемлекеттік маңызы бар ең ірі көлік-логистикалық холдинг.

«Halyk Finance» АҚ – инвестициялық-банктік қызметтерін толық кешенін, солардың ішінде қаржы консалтингі және андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтері (солардың ішінде компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша M&A кеңестік қызметтері және корпоративтік борыштық қайта құрылымдау), брокерлік қызметтер және бағалы қағаздарды сату, KASE сауда алаңындағы маркет-мейкер қызметтері, инвестициялық портфельді басқару, сондай-ақ жүйелі аналитикалқ қызметтер, көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ең үлкен клиенттер базасы мен аса ірі филиалдар желісі бар Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және жетекші бөлшек банкі болып табыладыБанк шамамен 5.9 миллион жеке тұлғаға, 60 мыңнан аса ШОБ субъектісіне және 300 жуық ірі корпоративтік заемшыға қызмет көрсетеді. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынады (банктік, брокерлік қызметтер, сақтандыру, лизинг және активтерді басқару жөніндегі қызметтер). Сонымен қатар Халық банкі өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асыруда.

 

 

Фархад Охонов

«Halyk Finance» АҚ

Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг

департаментінің директоры

www.halykfinance.kz

тел.: + 7 (727) 330 01 52

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Баспасөз қызметі

www.halykbank.kz

тел. +7 (727) 259 08 16