Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2017 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Халық банкі халыққа арналған тазартылған өлшеулі алтын құймаларын сатуды және сатып алуды іске қосты

09.05.2024

Әрбір алтын құймада қорғаныш элементтері (құймалардың үстірт қабаты, шағын мәтіні және бедерлі қыры) бар, және ол механикалық зақымнан қорғайтын және қаптаманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы қаптамаға орналастырылған. Арнайы пластикалық қаптама бүтін болған жағдайда ғана банк алтын құйманы «дәл сол күні» кері сатып ала алады, сол себепті құйма орналастырылған қаптаманы ашпаған жөн. Алайда өлшеулі алтын құйманың қаптамасы ашылған болса, онда мұндай өлшеулі алтын құймалар ҚРҰБ-не сараптама жүргізілу үшін жолданып және оң жауап алған сәтте сатып алынады. 

Өлшеулі алтын құймалардың сату бағасы операция жүргізілетін күні банктің маржасы есепке алынып, нарықтық бағамға сүйеніп белгіленетін болады.

2017 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша алтын құймалардың сатып алу/сату бағамдары мынаны құрады:

Сату:                                                                         Сатып алу:

10гр – 132849,12теңге                                            10гр – 120100,70 теңге

20гр – 265698,24 теңге                                           20гр – 240201,41 теңге

50гр – 664245,60 теңге                                           50гр – 600503,52 теңге

Инвестициялық алтынға қосылған құн салығы салынбайды. ҚР Ұлттық банкі бірталай уақытты және күрделі жабдықты талап етпейтін визуалды сараптама бойынша нұсқаулық әзірледі, қорғаныш элементтерінің сипаты бар буклеттер шығарды. Қосымша Халық банктің кассирлері құймалардың қорғаныш элементтерін және арнайы қаптаманы анықтау бойынша оқудан өтті. Алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы -банктің оларды кері сатып алу және клиентке ақшаны «дәл сол күні» төлеу мүмкіндігі болып табылады.

Тазартылған өлшеулі алтын құймаларын сатып алу үшін Қазақстан Халық Банкінің өкілдіктерінің мекенжайы:

Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 101 (Сәтбаев даңғ. қиылысы)
Астана қ., Қабанбай батыр к-сі, 17
Өскемен қ., Горький атындағы көше, 57А

Алтын құймаларды сатып алу/сату бойынша кеңес алу үшін Қазақстан Халық Банкінің телефондары:

+7(727) 2590777, +7(727) 2590238, +7(727) 2590343, +7(727) 2590835, +7(727) 2446547