Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі » АҚ «Altyn Bank» АҚ 60% үлесін сату туралы келісім шартқа қол қойды

09.05.2024

Қазақстан Халық банкі АҚ (одан ары – «Халық банк») China CITIC Bank Corporation Limited-пен (одан ары - «СИТИК-Банк») толықтай Қазақстан Халық банкінің иелігіне жататын еншілес ұйымы «Altyn Bank» АҚ-ның акционерлік капиталының 60%-ын (одан ары - «Компания») сату туралы келісімге қол қойды. Транзакцияның аяқталу мерзімі 2017 жылдың екінші жартысында деп күтілуде.

Транзакция аяқталғаннан кейін Компанияның 40%-ы Халық банкінің иелігінде қала береді және Сатып алушымен орнатылған акционерлік келісімге сәйкес, Компанияны басқару құқығы күшіне енеді.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойылған келісім бойынша пікір білдірді: «Қытайлық бағдарлама «Бір белдеу. Бір жол» шеңберінде қазақстандық компаниялар өз бизнесін Қытайда дамытқысы келетінін байқаймыз және біздер де клиенттеріміздің қажеттіліктеріне байланысты әрекет етеміз. Қытай – қазақстандық бизнес үшін қызметтер мен тауарларды өткізу барысында үлкен мүмкіндіктерді ашатын келешегі бар нарық. «Алтын банк» АҚ өз кезегінде өзінің қазақстандық клиенттеріне қажетті банктік қолдау көрсете алады – мысалы, теңгені тікелей юаньға айырбастау, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялары және несиелендіру бойынша. CITIC Bank Алтын Банк үшін стратегиялық серіктес ретінде рөлін сомдап, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәртебелі халықаралық қаржы институты мәртебесін және өз бизнесінің мөлшері, сондай-ақ CITIC Bank технологияларына қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында Алтын Банк нарықтағы өз ұстанымын күшейте алады».

Қазақстан Халық банкі туралы
Қазақстан Халық банкі – жеке меншік капиталы және активтер мөлшері бойынша Қазақстандағы №1 банк болып табылып, әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы әмбебап қаржы институты ретінде, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік бойынша қызметтер және активтерді басқару қызметтері дамып келеді. Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бастап Лондон Қор нарығында құнды қағаздар қатарына қосылды. Қазақстан Халық банкі ірі клиенттер базасы мен таралу желісі бар, сондай-ақ, банктің Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда еншілес ұйымдары бар.

Алтын Банк туралы
«Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық банкі АҚ ЕБ) Қазақстан нарығында «Қазақстан HSBC Банкі» АҚ ЕБ атауымен 1998 жылдан бастап келе жатыр, Қазақстан Халық банкі 2014 жылғы қараша айында сатып алды. Алтын банк кең ауқымды өнімдер мен қызметтерді бөлшек сауда мен корпоративтік клиенттерге ұсынатын әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ бөлімшелері Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында бар және Алматы қаласында екі бөлімше орналасқан.

CITIC жайлы
CITIC -(China International Trust and Investment Corporation) Қытайдың ірі ұлттық инвестициялық корпорацияларының бірі болып табылады. CITIC-тің негізгі мақсаты шетел капиталын тарту және оны пайдалану, озық технологияларды енгізу және оны өзінің операциялық қызметін басқару сәтінде халықаралық озық тәжірибесінде қолдану. CITIC Group-тің CITIC Bank-ті қоса алғанда 44 еншілес ұйымы бар. CITIC Bank негізі 1987 жылы қаланған. CITIC Bank Қытайда, Гонког және басқа да елдерде кең ауқымды банктік өнімдер және ірі корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға қызметтерін ұсынады.

China Shuangwei Investment Co туралы
China Shuangwei Investment Co., Ltd. Жауапкершілігі шектеулі China Tobacco Corporation-ке негізделген және оған толық бағынышты компания болып табылады. Компания бірқатар маңызды стратегиялық жобалар энергетика, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, білім беру, медициналық қызмет көрсету, логистика, инфрақұрылым, мәдениет, желілік ақпарат, қаржы өнімдерін, энергияны үнемдеу, сондай-ақ ілеспе консультациялық бизнес-қызметтер және темекі индустриясындағы жобалар сынды салаларды инвестициялауды басқаруға жауапты.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 7273 30 02 95, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz