Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Казкоммерцбанкті сатып алу ЕМЕА өңіріндегі ең үздік мәміле болып танылды

12.05.2024

Алматы, 2018 жылғы 15 маусым, Алматы – “EMEA Finance” халықаралық аналитикалық журналы Қазақстан Халық Банкінің Казкоммерцбанкті сатып алуы 2017 жылы қосылу мен жұтылу нарығында болған ең үздік мәміле деп хабарлады.

Сәуірде журнал Халық банкті (Halyk Bank) 2017 жылдың Қазақстандағы үздік банкі деп таныды.

Сарапшылар мен аналитиктердің сауалнамасына негізделген журналдың пікірінше Казкоммерцбанкті сатып алу қайта құрылымдау бойынша ең үздік мәміле ғана емес, сонымен қатар ЕМЕА өңірінде ең ірі банктердің қосылуы болып табылады. Сондай-ақ журнал әлемдегі ең ірі Dealogic деректерді жеткізушінің бірі league tables (рейтингтік кестелер) қорытындысына сілтеме жасайды.

«Біз Halyk Bank-тің Қазақстанның экономикалық сауығуына деген адалдығына қайран қаламыз және де бұл сатып алу жалпы алғанда еліміздің қаржы нарығы үшін жүйелі мәні бар деп есептейміз», - деп мәлімдеді EMEA Finance баспагері мен басқарма төрағасы Кристофер Мур, - «Halyk Bank Казкоммерцбанктің активтері мен клиенттерінің едәуір базасын сәтті біріктіретініне сенімдіміз, ал бұл «банк секторында ұлттық жеңімпазды» құрады.».

Halyk Bank алған марапаттарын - «Best Bank in Kazakhstan» және «Best M&A rectructuring in EMEA» марапаттарын оның бизнес стратегияларын жүзеге асыруда, сондай-ақ Казкоммерцбанкті сатып алу мәмілесін дұрыс құрылымдауда банктің жетістіктерін объективті тану ретінде бағалайды.

«Біз әрқашанда шешімді біздің стейкхолдерлеріміздің – клиенттеріміз, қызметкерлеріміз, акционерлеріміз, серіктестеріміз бен мемлекетіміздің мүдделерін есепке ала отырып  қабылдаймыз. Біз үшін басты міндет – инвесторлар үшін банктің құнын және нарық пен ел үшін оның құндылығын арттыру. Былтырғы жылы мәміле жасалғаннан кейін Халық банктің капиталдандырылуының төмендеуі рейтингілік агенттіктер мен инвесторлардың қобалжуын туғызды. Әлбетте, біз оларды Казкоммерцбанкпен бірігудің синергиясы өз нәтижесін беретініне сендірдік. Халықаралық тәуелсіз баспаның бағалауы тағы да таңдалған шешімдер мен стратегияның дұрыстығын растап отыр және біздің командамызға біріктірілген банкті сәтті құру үшін қосымша стимул береді», - деді Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

“EMEA Finance” (www.emeafinance.com) журналы – Европада, Таяу шығыста және Африкада қаржы туралы жаңалықтарды жария етіп жүрген ең ірі бизнес баспасы. Журнал әртүрлі номинациялар бойынша Halyk Finance компаниясын марапаттарға бірнеше мәрте лайықтады, ал 2017 жылдың басында Halyk Bank-ті ең үздік инвестициялық банк деп таныды.

Қазақстан Халық Банкі туралы

Қазақстан Халық Банкі – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы листингке ие.  

2017 ж. шілдеде Банк активтер көлемі жағынан екінші ірі қазақстандық банктің -  Қазкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды

2018ж. 31 наурыздағы жағдай бойынша 8,411.9 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк ең ірі клиенттік база мен филиалдар желісі – ел бойынша 688 филиал мен бөлімшеге (Қазкоммерцбанктің 206 филиалы мен бөлімшесін қосқанда) ие. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда операциялар жүргізеді. 

Байланысу үшін:
pr@halykbank.kz
pr@qazkom.kz
тел. +7 (727) 259 0301