Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Altyn Bank» АҚ-тың жаңа құрамдағы акционерлері Директорлар кеңесін сайлады және Жарғыны бекітті

12.05.2024

Алматы, 15 маусым 2018 ж. — Бүгін «Altyn Bank» АҚ (бұдан әрі — Алтын банк) акционерлерінің банк Жарғысын жаңартылған редакциясын бекіту және Директорлар кеңесін сайлау туралы кезектен тыс жиналысы өтті.

Дауыс беру нәтижелері бойынша Алтын банктің Директорлар кеңесі келесідей құрылды:

- Lu Wei (Лу Вэй), China CITIC Bank Corporation Limited өкілі -

банктің мажоритарлық  акционері ретінде

- Liu Zeyun (Лю Цзэюнь), China CITIC Bank Corporation Limited өкілі - банктің мажоритарлық  акционері ретінде

- Wang Li (Ван Ли), China CITIC Bank Corporation Limited өкілі - банктің мажоритарлық акционері ретінде

- Xiao Shuying (Сяо Шуъин), «Шуанвэй» қытай инвестициялық компаниясы» ЖШҚ өкілі – банктің акционері ретінде

- Man Margaret, тәуелсіз директор ретінде

- Ngai Ka Ching, тәуелсіз директор ретінде

- Үміт Болатханқызы Шаяхметова,  «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ өкілі - банктің акционері ретінде

- Асқар Сағидоллаұлы Смағулов, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ өкілі - банктің акционері ретінде

- Арман Ғалиасқарұлы Дунаев тәуелсіз директор ретінде

Банк Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін реттеушімен келісуді заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырады.

Акционерлер сондай-ақ «Altyn Bank» брендінің атауын сақтап қалып, бірақ банк логотипінде CITIC Bank тобына кіретінін көрсететін графикалық өзгерістерді орындау туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібі мәселелеріне қоса акционерлердің өкілдері қаржы институтының ары қарай даму перспективаларын талқылады. Әрбір акционердің қолдау көрсетуі арқасында Алтын банк Қытай мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық көпірлерді құру мақсатында «Бір белбеу. Бір жол» қытай бастамасымен және «Нұрлы жол» жаңа қазақстандық экономикалық жоспарымен қамтылған салаларда көшбасшыға айналатыны аталды.

Ли Цинпин ханымның пікірінше, CITIC Bank-тің Алтынбанктің капиталында мажоритарлық қатысуы қытай үкіметінің «Бір белбеу. Бір жол» бастамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады. Бұл қадам КХР мен Қазақстан арасында қаржылық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көкдиегін кеңейтуге көмектеседі.

«Алтын банктің жаңа негізгі акционері ретінде CITIC Bank өз артықшылықтарын халықаралық банкингте және заманауи төлем технологияларында пайдалануға, сондай-ақ, өзінің кең шетелдік желісінің мүмкіндіктерін біздің еншілес қаржы институтын белсенді дамыту үшін пайдалануға ниетті. Бұл ретте біз клиенттік базаны кеңейтуге және халықаралық деңгейдегі жоғары сапалы қаржылық шешімдерді ұсына отырып, Қазақстанда қытай бизнесімен ынтымақтастықты орнатуға ниеттіміз. Осы маңызды жұмыста біз Қазақстан Халық Банкінің белсенді қатысуына, Алтын банктің ірі қатысушысы бола отырып және орасан көп ресурстарға және ықпалға ие, сараптаманың жоғары деңгейімен және жергілікті мән-жайды жақсы меңгеруімен корпоративтік басқару мәселелерінде қажетті сабақтастықты қамтамасыз етуіне үміт артамыз», — деп Ли ханым ерекше атап өтті.

«Шуанвэй» Қытай инвестициялық компаниясы» Алтын банктің акционерлік капиталына өз үлесін қосуға шешім қабылдады және үлесті сатып алуды, біздің «сыртқы әлемге шығу» жаһандық стратегиямыздың арнасында орналасқан тиімді инвестиция ретінде бағалайды. Біздің осы тиімді мәмілеге қатысуымыз Қазақстанның қаржылық индустриясын дамытуға мүмкіндік береді және елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтеді деп санаймыз, — деді «Шуанвэй» Қытай инвестициялық компаниясы» ЖШҚ Бас Директорының орынбасары Сяо Шуйинг ханым.

 «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ), бұрынғы - «Қазақстан HSBC Банкі» АҚ ЕҰ, Қазақстанның банк нарығында 1998 жылдан бастап бар, 2014 ж. қарашадан бастап Халық Банкімен сатып алынды және оған толық тиесілі болды. 2018 жылғы сәуірде акциялардың 50,1% қытайдың CITIC Bank және 9.9% Shuangwei Investment-ке сатылды. Altyn Bank Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматыда 2 бөлемшесі бар, корпоративтік және бөлшек клиенттерге арналған кең ауқымды өнімдері мен қызметтері бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. 31.12.2017 жылғы жағдайы бойынша банк активтері 386,6 млрд. теңгені құрады, капитал 53,8 млрд. теңгені құрады. Банктің рейтингтері Fitch-те BBB және Moody’s-те Ba2.

Байланыс үшін:

marketing@altynbank.kz
Тел. +7 (727) 356 6498

pr@halykbank.kz
тел. +7 (727) 259 0301