Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Үміт Шаяхметова PricewaterhouseCoopers-тің сауалнамасы бойынша осымен екінші рет отандық бизнестің көшбасшысы болып танылды

13.05.2024

2018 жылғы 15 маусым, Алматы – PwC Kazakhstan сайтында бүгін Қазақстанның ірі компания басшыларының арасында PricewaterhouseCoopers компаниясымен өткізілген дәстүрлі сауалнаманың қорытындысы бойынша «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова отандық бизнес жетекшілерінің үшітігіне енгені жөнінде хабарламаны жариялады. 

Халықаралық консалтинг компаниясымен «CEO Survey» сауалнамасы осымен 21 жыл бойы, ал Қазақстанда – алты жыл қатарынан өткізіліп келетіні белгілі. Бұл жолы зерттеу- сауалнамасында 86 елдің 1 350-ден артық бизнестің алғашқы тұлғалары қатысты. Қазақстанда бұл зерттеу 61 компания басшыларының (СЕО) арасында өткен.  

PricewaterhouseCoopers-тің есептемесінде сауалнамаға сұхбат бергендер 2017 жылы Үміт Шаяхметованың ең басты жетістігі ретінде Халық Банк пен Qazkom-ның «бірігу үрдісіне жоспарлы басқару» жұмысын атап өтті. Алдыңғы жылы да Халық Банктің басшысы «қаржы «дауылында» үздік басқарушылық жұмысы» үшін ең үздік менеджер ретінде танылған.     

Биылғы үздік үштікке Үміт Шахметовамен қатар, Air Astana-ның басшысы Питер Фостер мен Kaspi Bank-тің президенті Михаил Ломтадзе кірді.

Қазақстандық ірі компаниялардың өкілдері осы басшыларды суреттей келе, олардың данышпандығын, күнделікті өзгеріп жатқан бизнес-ортаға тез бейімделуі мен өз компанияларында жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге батылдығын ерекше атап өтті.   

Сауалнаманың қорытындысы бойынша бүгінгі күні компанияларға бизнеске төніп тұрған қатерлерді азайту үшін міндет-мақсаттарды шешуге тура келетіні жайлы белгілі болды. Сондай-ақ қазақстандық басшылар білікті мамандардың тапшылығына, кибер қауіп-қатерлерді арттыратын технологиялық өзгерістерге, шикізат тауарларына баға құбылмалылығына алаңдайтынын айтты.   

Осыған қарамастан, PricewaterhouseCoopers компаниясы қазақстандық зерттеуін «Саналы өсім» деп атады. «CEO-ның ұлттық және әлемдік экономикаға қатысты оптимистік ойларын айтпасқа болмайды. Он басшының тоғызы өз компаниясының алдағы 12 айда негізгі өсіміне негізделген кірісінің ұлғаюына сенімді екенін білдірді», - делінген зерттеуде. Бұл өз кезегінде Қазақстанда жалпы бизнестің даму болжамын айғақтай түсті десек артық болмас.

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz
www.halykbank.kz