Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казкоммерцбанк» АҚ рейтингі екі сатыға 'BB' деңгейіне дейін көтерілді; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ рейтингі бойынша болжам тұрақты, 'BB' рейтингіне қайта қаралды

13.05.2024

Алматы, 28 маусым, - Standard&Poor’s (S&P, Агенттік) халықаралық рейтингілік агенттігі 2018 жылғы 25 маусымда «Казкоммерцбанк» АҚ (ККБ, Qazkom) рейтингін екі сатыға B+ деңгейінен ВВ деңгейіне дейін көтерді және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank, Халық Банк) рейтингі бойынша болжамды ВВ деңгейіндегі рейтингті сақтай отырып, «тұрақты» деңгейіне қайта қарады (https://www.standardandpoors.com/en_US/web/guest/ratings/press-releases).

Агенттік рейтингтік әрекетті екі банк бойынша тұрақты болжамды және қаржы тобының нарықтық позицияларын күшейтуді белгілей отырып, ККБ-нің Halyk Bank-ке қосылуына Қазақстанның Ұлттық Банкінен рұқсат алу туралы хабарланғаннан кейін қолданды.

«Енді біз ККБ-ны Halyk Bank-тің негізгі еншілес компаниясы ретінде қарастырып отырмыз және де заңды түрде қосылғанға дейін бірнеше ай бойы кез келген көз жетерлік жағдайларда Halyk Bank Qazkom-ға қолдау көрсетеді деп күтеміз. Сол себепті біз Halyk Bank пен KKБ бойынша рейтингімізді теңестіреміз», - деп агенттіктің баспасөз релизінде айтылған.

Агенттік сонымен қатар Halyk Bank бойынша болжамды топтың аса көп капиталдандырылуынан жағымсыз деңгейден тұрақтыға қайта қарады. Halyk Bank пен KKБ бойынша тұрақты болжамдар - шоғырландырылған топтың кредиттік портфелі тұтас алғанда келесі 12 айда өзгеріссіз қалады, ал топ өз активтерін қосымша провизиялар мен есептен шығарулардың көмегімен жақсартуды жалғастырады деген S&P-нің болжамын көрсетеді.

«Рейтингілік агенттік топтың қаржылық көрсеткіштерін жақсарту және екі банктің бірігу процесін табысты жүргізу бойынша басқарушы команданың күш салуын позитивті қабылдағанына және бағалағанына қатты қуанып отырмыз. Қазір біз Казкоммерцбанктің проблемалы портфелін тазарту процесін белсенді жүргізіп келеміз және біріктірілген банкте проблемалы кредиттердің үлесі шоғырландырылған негіздегіге қарағанда айтарлықтай төмен болады. Бұл өте күрделі және ауқымды жұмыс, оның нәтижесінде бірігуден кейін біз сауыққан және қаржылық тұрақты банкке ие боламыз», - деп Халық Банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

Агенттіктің аналитиктері Halyk Bank-тің нарықтық жайғасымы мықты болып табылады және оның «бизнестің негізгі салаларында көшбасшылық ролін, портфельдің ұтымды әртараптандырылуын және тәжірибелі басқарушы команданы» көрсетеді деп есептейді.

Есепте «Halyk Bank-тің тәуекелдерін есепке алып түзетілген капиталдың барабарлық коэффициенті (RAC) 2017 жылдың аяғындағы 7,1%-бен салыстырғанда келесі 12-18 ай бойы 7,2% -7,4% мөлшерінде болатынына болжам жасаймыз. Бұл RAC арақатынасының 5,5-6,6% дейін төмендейтіні туралы біздің алдыңғы жорамалдарымызға қарама-қайшы келеді – делінген.

Сондай-ақ есепте Казкоммерцбанк активтерінің сапасын жақсартудағы және оның кредит төлеу қабілетін нығайтудағы жағымды тренді көрсетілген. Рейтингтерді көтеру – Halyk Bank пен Qazkom командасы табысының кезекті деңгейі, сондай-ақ Казкоммерцбанкті сауықтыру бойынша дұрыс таңдалған стратегияның растауы.

Байланысу үшін
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Тел: + 7 727 259 0301, 258 5456
Mail: pr@halykbank.kz, pr@qazkom.kz