Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Алматы қ. №1 балалар үйінің барлық түлегі алғаш рет грантқа түсті

13.05.2024

8 тамыз, Алматы –  Тарихта алғаш рет Алматы қ. №1 балалар үйінің барлық түлегі – 21 адам – жоғары және арнаулы орта оқу орындарына грантқа түсті, бұл «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» ҚҚ мен «Халық қайырымдылық қоры» ЖҚ-ның бірлескен жобасын жүзеге асырудың нәтижесі.

«Мен грантқа түскен өзімнің немеремнен гөрі олар үшін қатты қуанып отырмын!  Мұндай ЖОО-ның грантына біздің балаларымыз сабақ үлгерімі жағынан бұрын жетпей қалатын. Былтырғы жылы олардың оқуына ақы төлеу үшін демеушілер қажет болды. Сол себепті балаларды оқуға түсуге дайындауда екі қордың көрсеткен жүйелі қолдауы біз үшін аса бағалы болды», - деп №1 балалар үйінің директоры Галия Бейсеновна Омарова мәлімдеді.

Балалар үйінің 21 түлегінің үшеуі соңғы бірнеше жыл ішінде алғаш рет жақсы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орындарына түсті, олар: Талышев Бахтияр – К.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне, Даниялов Карим – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медининалық университетіне, Гаркуша Александр – Омскідегі гуманитарлық  академиясына түсті.

 «Кішкентай қадам – үлкен жолдың бастамасы! Біз балаларымыз үшін және өмірлеріндегі алғашқы жеңістері үшін қатты қуанып отырмыз. Жыл бойы олар жоғалған, ұмытылған білімдерінің есесін толтыра және жаңа білімді ұғына отырып, мұғалімдермен және педагогтармен бірге еңбектенуіне тура келді» - деп «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» директорының бірінші орынбасары Светлана Викторовна Мурзабекова пайымдады.

«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» балалар үйінің тәрбиеленушілерін оқу орындарына дайындау бағдарламасын әзірлеп шығарды, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кадрлық құраммен қамтамасыз етті. Негізгі мектеп пәндері бойынша қосымша сабақтардан басқа балалар қарым-қатынастық дағдыларды меңгеріп, психологтармен жұмыс жасады. Қазақстан Халық жинақ банкі акционерлері негізін қалаған «Халық қайырымдылық қоры» қажетті шығыстарға қаржы бөлді.

«Балаларды оқыту және дайындау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге тырыстық, енді жалпы бәріміз бірге күш салуымыздың, сондай-ақ түлектердің өздерінің тырысуларының арқасында керемет нәтижеге қол жеткізгенімізді көріп отырмыз - 21 адам жақсы мамандық ала алатын болды. Бұл оларға алдағы уақытта өз армандары мен үміттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп «Халық қайырымдылық қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Александр Сергеевич Павлов айтты.

№1 балалар үйі түлектерінің таңдаған мамандықтарының тізімі айтарлықтай кең: IT, ветеринария, радиоэлектроника және байланыс, есеп және аудит, менеджмент, дизайн, туризм, медбике ісі, жиһаз өндіру, автомобиль жөндеу және педагогика.

Халық қоры жаңа оқу жылында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорымен» бірлесіп білім беру жобасын қолдауды жалғастыруға ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек жақын арада №1 балалар үйінде компьютерлік сыныпты жабдықтау, сондай-ақ спорт және акт залдарының жапсарлас құрылысын салу жоспарлануда.   

Байланысу үшін:

Лариса Коковинец, «Халық қайырымдылық қоры» ЖҚ
тел. +7 (727) 259 0301, pr@halykbank.kz