Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк «Мектепке жол» атты республикалық науқанға қосылды

13.05.2024

2018 жылғы 14 тамыз, Алматы — Алматы қаласы Алмалы ауданының көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 100-ге жуық мектеп оқушысы Халықаралық білім күніне орай Халық қайырымдылық қоры мен Халық Банктен мектеп жабдықтары мен сөмкені сыйлыққа алды.

Ағымдағы жылы да Қазақстанның Халық Банкі «Халық» қайырымдылық қоры арқылы ел аумағында әкімдіктердің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» науқанын қолдауда. Биыл «Халық» қоры Халық банктің 95 жылдығына орай сыйлықтардың санын арттырып, мектеп жабдығын сатып алу үшін 22 млн теңгеден артық сома бөлді.

«Мектепке жол – бұл әр адам өміріндегі ең маңызды кезеңдерінің бірі десек артық болмас. Өйткені, дәл осы жол арқылы баланың болашағы, білімі мен келешектегі мамандығы белгіленетіні анық. Сондықтан біз әкімдіктермен жыл сайын өткізілетін балаларды мектепке дайындау іс-шарасын өте қажетті бастама деп танып, қолдап келеміз. Еліміздің болашағы білімді әрі салауатты адамдардың қолында болса елдің мықты әрі бай-бақуатты болары сөзсіз», - деді өзі сөзінде «Халық» қайырымдылық қорының директоры Лариса Коковинец.

Халық банк пен Халық қорынан мектеп жабдықтарын алған балалардың тізімі Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар мен мүгедектер қоғамымен бірлесе белгіленген.
«Біз үшін балаларды және олардың ата-аналарын қолдау өте маңызды. Өйткені оқуға қажетті барлық құрал-жабдықты сатып алуға әр отбасының қаражаты жете бермейді. Сондықтан біздің тұрақты демеушіміз Халық Банктің «Халық» қайырымдылық қоры биылғы жылы да бұл игі істі қолдай отырып, бірінші сынып оқушыларына тамаша сыйлығын дайындады. Балаларыңыз сіздерді әрдайым қуантып жүре берсін, денсаулықтары зор әрі бақытты болсын», - деді, сыйлықтарды табыстау салтанатында Алмалы ауданы әкімшілігі әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ғабит Селеубаев.

Сыйлықтарды алған балалар тіпті олардың ата-аналары қуаныштары мен ризашылығын жасырмады. Балалар мектеп сөмкелерімен қатар, бірінші сынып оқушысына арналған дәптерлер, қалам, қайшы, желім, пластилин және т.б. қажетті құрал-жабдықтарына толы жиынтық алды.
Салтанат Байгелова, Алматы қаласының тұрғыны: «Мен жиынтықты ашып, таңқалдым. Мұнда бірінші сынып оқушысына қажеттінің барлығы бар екен, барлығы мұқият таңдалған, тіпті қосымша еш нәрсе алудың қажеті жоқ. Менің ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өйткені кейбір отбасылардың балаларды оқу жылына дайындауға қаражаттары жете бермейді. Сондықтан банк тарапынан мұндай қолдау өте өзекті. Сіздерге көп рахмет».

Айта кетерлігі, бұл науқан бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Тамыздың соңына дейін Қазақстанның әр қаласында жағдайы төмен отбасылардан шыққан 95 бала Қазақстанның Халық Банкінен сыйлықтарға ие болады.