Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Алматыда Халық банктің қолдауымен студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтті

13.05.2024

2018 жылғы 26 тамыз, Алматы -  Қазақстандық студенттер студенттік спорттың тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалына шығып, күміс медальдарға қол жеткізді. Қазақстанның Халық банкі чемпионаттың негізгі серіктесі ретінде қолдау көрсетті.

-        Бұл Қазақстан үшін тарихи күн десек артық болмас. Өйткені, осы уақытқа дейін футзалдан студенттердің құрама командасы мұндай жетістікке қол жеткізбеген еді, тіпті 8 орыннан жоғары орын алған емес, - деді өз сөзінде футзалдан Ұлттық студенттік лигасының президенті Дамир Шыныбеков.

Пост-кеңестік кеңістігінде алғаш рет өткізілген Чемпионат стунденттік спорттың негізгі мерекесіне айналды. Бұл туралы FISU (Студенттік спорттың халықаралық федерациясы) президенті Олег Матыцин (Ресей) мен FISU-дің вице-президенті Мариан Дымальски (Польша) өз сөздерінде атап өтті. 

- Бүгінгі күні университеттік спорт қаланың ажырамас бір бөлігі болғанын қуанышпен айтуға болады. Универсиаданың мирасы Алматы мен Қазақстанның игілігі үшін жұмыс жасауда, - деді Олег Матыцин.

  Halyk Bank және Halyk Fund қолдауымен Алматы қаласының әкімшілігі, ҚР Білім және ғылым Министрлігі, FISU және ҰСЛ, Нұрсұлтан Назарбаев білім Қорының тығыз қарым-қатынасы бұл чемпионатты жоғары дәрежеде өткізуге мүмкіндік берді.   

– Біз Halyk Bank-тің Қазақстанның спортына жүйелі дәрежеде қолдау көрсете алатынын қуанышпен айта аламыз. Біз өзімізге болашағы зор студенттік футзалдың дамуына қолдау көрсету міндетін алдық. Үлкен жеңіс кішігірім жетістіктен басталады, студенттік спорттан кәсіби жетістікке де қол жеткізуге әбден болады, - деді Halyk Bank төрайымының орынбасары Дәурен Сартаев.

Қазақстанда Әлем чемпионаты сапалы әрі шығынсыз ұйымдастырылған шара болды дейді FISU-дің басшылары. Әрине мұның барлығына қаланың дамыған инфрақұрылымы (Алматы арена және Халық арена) және Алматы әкімшлігі, спорт федерацияларының мұндай шара ұйымдастырудағы жинақталған мол тәжірибесі өз септігін тигізді. Сондай-ақ, бұл біріншіліктің жетістігі - мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің айқын мысалы.    

Шыныбеков мырза өз сөзінде бұл туралы былай деді: «Біз алғаш рет бизнестің, мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің бірлесу амалын пайдаландық. Іс жүзінде біздің бизнес спорттың маңызын айғақтады».  

19 және 26 тамыз аралығында Almaty Arena және Halyk Arena алаңдарында өткен футзалдан студенттік әлем чемпионатының ойындарында 17 елден 25 команда қатысты.

Ерлер арасында алтынды Ресейдің құрамасы жеңіп алды, қазақстандықтар әлемнің вице-чемпиондары атанды, ал үшінші орынға Украинаның командасы орналасты. Әйелдер арасында бірінші орынды – ресейліктер, екінші орынға-украиндықтар, үшінші орынға Португалияның құрамасы қол жеткізді.

Турнирдің ең үздік ойыншылары ретінде екі құраманың капитандары Артём Ниязов (Ресей) пен Ирина Дубицкая (Украина) танылды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының ойыншылары Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов жекеленген сыйлықтарға ие болды. 

Студенттер арасында футзалдан келесі әлем чемпионаты 2020 жылғы тамызда Польшаның Познань қаласында өтеді.