Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Moody's Halyk Bank-тің тұрақты болжамды рейтингілерін растады

13.05.2024

Алматы, 7 қыркүйек 2018 ж. — Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Халық Банкі рейтингілерін растады. Осылайша, жергілікті және шетел валютадағы депозиттердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілері - Ba1/Not-Prime деңгейінде; контрагенттер тәуекелдері рейтингілері — Baa3/Prime-3 (CR рейтингісі) деңгейінде және жергілікті және шетел валютадағы қамтамасыз өтілмеген борыштың ұзақ мерзімді рейтингісі Ba3 деңгейінде расталды.

Осыған қосымша Moody's Халық банкінің базалық кредиттік бағасын (BCA)  растап,  оны - ba3 деңгейіне; Банктің контрагенттері тәуекелдері бағасын (CR) — Baa3 (cr)/Prime-3 (cr) деңгейіне түзетті. Ұзақ мерзімді рейтингілер  бойынша болжам, сонымен қатар жалпы  болжам — тұрақты болып қала береді.

Халық банкі рейтингілерін растау қаржы институтының капитал, табыстылық пен өтімділік сияқты кредит қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері – тұрақты болып қала беретіні туралы Moody's-тің пікірін көрсетеді. Агенттік талдаушылары көрсеткендей, ККБ-мен бірігу Халық Банкіне жергілікті нарықтағы онсыз да мықты позициясын нығайта отырып, өңірлік желісін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.

Клиенттер базасын әртараптандыру, активтердің сапасы айтарлықтай жақсарту және міндеттемелердің өтелуін қамтамасыз ету, табыс пен капитал тұрақтылы болған жағдайда, кредиттік және өтімділікті тәуекелдерін төмендету Moody's-тің пікірі бойынша, банктің базалық кредиттік бағасының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, Moody's Казкоммерцбанктің (ККБ) ұзақ мерзімді депозиттік рейтингілерін Ba2-ден Ba1-ге дейін, CR контрагенттер тәуекелдерінің рейтингілерін Ba1/Not-Prime-нан Baa3/Prime-3-ке дейін және жоғары қамтамасыз етілмеген бағдарламаның рейтингілерін (P) B1-ден (P) Ba3-ке дейін көтерді.  Ұзақ мерзімді рейтингілер  бойынша болжам, сонымен қатар жалпы  болжам — тұрақты болып қала береді. Халық банкі мен Казкоммербанктің бірігуі аяқталғаннан кейін Moody's олардың рейтингілерін теңестірді, бұл ретте ККБ рейтингілері кері қайтарылады.

Байланыс үшін:

тел. +7 (727) 259 0301, pr@halykbank.kz