Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Алматы қаласында №1 балалар үйіне 16 орынға арналған компьютер сыныбы сыйға тартылды

13.05.2024

2018 жылғы 10 қыркүйек, Алматы — Бүгін Алматы қаласында №1 балалар үйінде 16 орынға арналған заманауи компьютерлік сыныптың салтанатты ашылуы өтті. Аталған сыныптың жиһазы мен техникасына, сондай-ақ инженерлік жүйелерді өткізуге «Халық» қайырымдылық қоры қаражат бөліп отыр.     

«Компьютерлік сауаттылық – қазіргі заман талабы. Біз бүгінгі күнімізді компьютерсіз, сандық технологиясыз елестете алмаймыз. Бұл шындық. Тіпті  кез келген мамандық компьютерді меңгеруге талап етеді. Бұл күндері компьютермен немесе мобильді құрылғымен мемлекеттік, банктік және өзге қызметтерді алуға немесе өтеуге болады. Міне, сол себептен біз Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде компьютерлік сыныпты жабдықтау бастамасын қолға алып, тәрбиеленушілердің компьютерді емін-еркін үйренуге, құжаттармен, кестелермен, графикамен жұмыс жасау мүмкіндігін қарастырдық. Бұл олардың болашақ мамандығын таңдауға түрткі болары сөзсіз, ал басқалары үшін компьютерлік сауаттылық алдағы өмірлерінде міндетті түрде пайдалы болатынына сенімдіміз»,- деді «Халық» Қайырымдылық қоры» ЖҚ-ның директоры Лариса Коковинец.           

Жаңа компьютерлік сыныбы жаңа жиһазбен, компьютерлермен жабдықталды. Бұған қосымша принтер, проектор, заманауи интерактивті тақта орнатылып, арнайы инженерлік жүйелер жүргізілді. Бұған дейін балалар үйінде 3 дана компьютер кітапхананың ішінде бар болатын.

«Бүгінгі күні компьютер мен Интернет әр оқушы, әр отбасы үшін қажетті дүние. Сондықтан біз балаларға арнап, компьютерлік сыныпты жабдықтауды бұрыннан бері орнатуды ойластырып жүрген едік. Енді, міне жаңадан жабдықталған бұл сынып олардың үй жұмысын жасауға әрі арнайы жобаларды әзірлеуде, білімдерін жетілдіруде тамаша мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Нәтижесінде жаңа оқу жылында құрылғылар оқушылар және мұғалімдер үшін білім беру процесін жеңілдетіп, дамыта түседі», - дейді №1 балалар үйінің директоры Ғалия Омарова.   

Білім процесіне ақпараттық технологияларды енгізу және компьютерлік сауаттылықты дамыту «Халық» қорының қайырымдылық саясатының ең өзекті бағыты. Сол себепті, Алматы қаласында №1 балалар үйіне компьютерлік сыныпты жабдықтаған соң, Қор Қазақстан бойынша демеушілік көрсететін 18 балалар үйін компьютермен жабдықтауды жөн көріп отыр.      

Бұған қосымша «Халық» қайырымдылық қоры жаңа оқу жылында Алматыдағы №1 Балалар үйінде акті және спорт залдарының құрылысына, сондай-ақ асхананы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлуді жоспарлауда.   

Тел: «Халық» Қайырымдылық Қоры» ЖҚ, 8 (7273) 32 28 49