Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Үміт Шаяхметова Kazakhstan Growth Forum-ның бағалауы бойынша үздік басшылар тізіміне енді

13.05.2024

Қазақстан Халық Жинақ Банкі Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Kazakhstan Growth Forum-ның бағалауы бойынша қазақстандық бизнестің ең үздік басшылары қатарына енді.  Бұл – Қазақстанның бизнес және мемлекеттік элитасының жыл сайынғы саммиті. Оның аясында қатарынан сегіз жыл бойы бизнестің барлық салаларының өкілдері мен мемлекеттік шенеуніктер кездеседі. Осы форумның күн тәртібінде – жергілікті компаниялардың өсу перспективалары мен жаһандық тенденцияларды ескере отырып басқарудың өзекті мәселелері.

Саммит әдеттегідей кәсіби бизнес-ортада үздік атанған басшыларды марапаттау салтанатынан басталады. Ұйымдастырушылар компанияның өсуіне, жаңа технологияларды қолдануына, сондай-ақ CEO-ның өз қызметкерлерін жігерлендіру қабілетіне баға берулерін сұрап, қазақстандық бизнесмендер арасында сауалнама жүргізді.  

«Халық банкі» Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова тағы да 2018 жылғы ең үздік СЕО атағына ие болды. Ол ер кісілерден құралған көшбасшылар қатарында жалғыз әйел адам болды.

- Негізгі критерий – үздік басшының өзінің айналасында үздік басшыларды қалыптастыра алу қабілеті. Олар қаншалықты «таланттарды тартатын магнит» бола алатыны, олардың компаниялары қаншалықты тұрақты дамып келе жатқаны, олардың ұзақ мерзімді трендтерге қаншалықты терең қарап, жағымды әсер тигізетіні, - деп Centras Group холдингі басшысы Елдар Әбдіразақов іріктеу талаптары туралы айтып берді.

Шаяхметова ханыммен қатар үздік басшы болып ChocoFamily холдінгі негізін салушысы Рамиль Мухоряпов, Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе, Қазақстан Республикасындағы ең ірі бөлшек сауда желісі Magnum Cash&Carry ортақ иесі және бас директоры Александр Гарбер және Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер.

Форумды ең ірі қаржы холдинг Centras пен бүкіл әлем бойынша бизнестердің 22 мыңнан астам жас иелері мен басшыларын біріктіретін Young Presidents’ Organization - YPO-ның қазақстандық бөлімшесі ұйымдастырды.