Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк 19 қалада балаларға арналған спорттық ойын алаңдарының құрылысын қаржыландырды

13.05.2024

Алматы, 2018 жылғы 1 қазан – Қазақстанның Халық банкі қаржы институтының 95 жылдығына арналған өзінің «Игі істер фестивалі» аясында елдің 19 қаласында балаларға арналған спорттық ойын алаңдарының құрылысын қаржыландырды. Жобаның жалпы құны 57 млн теңгені құрады. 

Әр ойын алаңының 64 шаршы метрінде 1 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған ресейлік ойын және спорт кешендері мен саябақ жиһаздары орнатылды. Бұл ойын алаңдары балаларға арналған спорт жабдығының қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарға жауап береді және мұнда балаларға зақым келу тәуекелі өте төмен, өйткені олардың әрқайсысында соққыға төзімді және тайып кетуге қарсы арнайы жабындылар қолданылған.    

«Күздің алғашқы күндеріне біз мектеп жасына дейінгі балаларға және бірінші сынып оқышуларына арналған бірқатар қайырымды шараларды іс-жүзіне асырдық. Енді міне, өз ата-аналары мен достарының арасында бақытты әрі берекелі балауса кезін өткізу үшін балақайларға спорттық-ойын кешендерін орнаттық. Айта кетерлік бір жайт, биыл ел бойынша жағдайы төмен әрі көп балалы отбасыдан шыққан екі мыңнан артық бірінші сынып оқушысы «Халық» қайырымдылық қорынан мектеп жабдықтары мен ортопедиялық сөмкелерді сыйға алған болатын. Бүгінгі бала елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Сондықтан оларға қамқорлық көрсету – біздің қайырымдылық саясатымыздың негізі болып табылады, әрі ол міндетті түрде өз жалғасын табады», - деді өз сөзінде Қазақстанның Халық банкі төрайымының орынбасары Дәурен Сартаев.  

«Игі істер фестивалі» аясында барлық қайырымдылық бастамалардың байланыстырушысы банктің игі іс-әрекеттер жасау және онымен бөлісу үндеуі болды. 2018 жылдың әр айы қазақстандықтардың жалпы тақырыптарына: спорт және салауатты өмір салты, ұлттық салт-дәстүр, өскелең ұрпақ пен қарт адамдарға қамқорлық, сондай-ақ мәдениет пен өнерге арналған. Халық банктің «Игі істер фестивалі» аясындағы әр жаңа акциясы алдын ала хабарланып тұрады.          

Банктің 95 жылдығына арналған мерекелік шараларына Қазақстанның Халық банкі акционерлерімен құрылған Halyk қайырымдылық қоры белсенді атсалысуда. Бүгінгі күні аталған қор әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар білім, мәдениет, өнер мен спорт саласында өз бастамаларын кеңейтіп, қаржылай қолдау көрсетуде. Олардың қатарында Astana opera және Алматы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында жаңа қойылымдар, ғылыми-зерттеу тақырыптарына арналған видеосы бар Youtube SmartHalyk каналы, баскетбол және футзалдан балалар және студенттер арасында спорттық жарыстар бар. 

Жақында ғана «Халық» қоры Алматы қаласында №1 балалар үйінде заманауи компьютер сыныбын ашқан болатын.

Байланыс үшін:
+ 7 727 259 0301
pr@halykbank.kz