Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық Банкі Маңғыстау облысының кәсіпкерлерін қаржыландыру үшін «Даму» қорының мақсатты қарызын тартты

13.05.2024

Ақтау, 2018 жылғы 5 қазан. — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – банк) және «Даму» КДҚ» АҚ (бұдан әрі – қор) арасында ағымдағы жылдың тамыз айында жасалған келісім аясында банк 800 млн теңге мөлшерінде қордың мақсатты қарызын тартты.

Аталған қаражат «Нұр-Капитал» қосалқы өнімі шарттарында ұсынылған және өз жобаларын Маңғыстау облысының аумағында (Ақтау қаласын қоспағанда)  іске асыратын және осы аумақта тіркелген шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға арналған.  

Бүгінгі таңда банк жолаушылар тасымалына арналған автобусты сатып алу қарастырылған жобаны 21,08 млн. теңге сомасына қаржыландыруды мақұлдады. Осыған қоса, облыстың тағы да жеті кәсіпкерінің жобаларына кредит беруді көздейтін өтінімдер қаралуда және бағдарлама бойынша кредитке сұраныстың одан әрі өсуі күтіледі. Өңірлік бизнестің қаржыландырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін банк қордан 200 мл. теңге мөлшерінде қосымша қаражат сұрады. 

Бағдарлама талаптарына сәйкес, ШОБ субъектілеріне қарыз теңгемен, жылдық 8,5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша ұсынылады. Бұл ретте пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қарастырылған, соған байланысты кәсіпкер қарызын жылдық 1% құрайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша төлей алады, ал қарыз бойынша номиналды және нақты мөлшерлеменің арасындағы айырмашылық «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қаражаты есебінен өтелетін болады.  

Қарыздың ең ұзақ мерзімі – инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 84 айды, айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздан үшін 36 айды құрайды. Бір қарыз алушыға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 30 млн. теңгені құрайды. Бұл ретте, бағдарлама талаптарына сәйкес қарыз алушы қарыз сомасының кемінде 70%-ын инвестициялық мақсаттарға жұмсауы тиіс.