Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Астанадағы автобустардың әрбір бесінші сапары Homebank ScanPay қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы төленеді.

13.05.2024

Астанадағы автобустарда QR-кодты сканерлеу арқылы жол ақысын төлеуге арналған балама мүмкіндік екі айдың ішінде нарықтың 20% -ын алды. «Astana LRT» компаниясының мәліметі бойынша қазан айында 80 мыңға жуық транзакция жүзеге асырылып, оның 16 мыңға жуығы Халық банктің Homebank Scan & Pay ұялы қосымшасы арқылы жасалған.

«Өткен айда Халық банкі мен Казком карталарын ұстаушылар қыркүйекпен салыстырғанда қоғамдық көлік билеттеріне QR-кодтың көмегімен жасалған төлемдер 3,5 есеге көбейіп транзакциялардың саны 3 194-ке жетті», - деді Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Жағыпаров.

«Astana LRT» компаниясы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын QR-кодты сканерлеу арқылы төлеу мүмкіндігін алдымен 2018 жылдың қыркүйегінде ұсынды. Халық банкінің статистикалық деректеріне сәйкес, мұндай транзакциялардың негізгі бөлігі Visa Classic карталарымен жасалады, бірақ қазан айында Visa MyCard несиелік карталарымен төлемдердің ұлғаюы байқалды. Олардың ұстаушылары қыркүйек айында116 транзакция жасаса, қазан айында 329 мәрте төленгені анықталды.

Айта кету керек, Астана қаласының қоғамдық көліктеріндегі QR төлемдер Homebank арқылы жасалатын жалпы QR төлемдердің көлемінде айтарлықтай үлеске ие болды.

Жағыпаров мырзаның айтуынша, карта бойынша контактісіз жасалатын төлемдер нарыққа сәтте енсе, енді Қазақстандағы QR төлемдердің танымалдылығының артуы мұны қайталайды: соңғы үш жылда олардың көлемі 3000% -ға өсті.