Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың 2018 жылғы 9 айдағы шоғырландырылған қаржылық нәтижелері туралы

11.05.2024

«Халық Банк ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Қазкоммерцбанкпен бірігу күрделі процесті сәтті аяқтап, айтулы межеден өтті. Біріктірілген қаржы институтының алғашқы шоғырландырылған нәтижелері бизнесіміздің ұлғаюының, сондай-ақ бірігудің нәтижесінде жоспарланған барлық мақсаттарға қол жеткізудің айғағы болып табылады. Бүгінгі күні біріктірілген Халық банк – Қазақстанда нарықтың шамасы 34%-на ие ең ірі қаржы институты. Процестің айтқысыз күрделілігіне қарамастан, техникалық жағынан да, сондай-ақ ұйымдастыру жағынан да банктерді біріктіру жалпы алғанда сәтті өтті – 11 миллион шот, 9,9 миллион клиент  пен 9 миллион төлем карталары бойынша деректер түгел 100%-ы ортақ базаға көшірілді. Сонымен қатар, біз отандық банктердің арасында ең жоғары рейтингтерді сақтап қалдық. Бүгінгі күні Halyk Bank - 9 айдың ішінде 164 млрд теңге таза пайда тапқан елдегі ең тиімді банк. Бірігу аяқталған соң біздің алдымызда бизнес-процестерді, технологиялар мен персоналдың тиімділігін арттыру сынды жаңа маңызды мақсат-міндеттер қойылды және бұл мәселені шешу үшін біз жұмыс жасаудамыз. Жақын күндерге қойылатын мақсат — клиенттерге қызмет көрсету сервисін жоғарылату. Сонымен қатар біз клиенттеріміздің өмір сапасын жақсартуды мақсат еткен жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге дайындалудамыз», — деп есепті кезеңнің қорытындылары туралы Қазақстан Халық Банкі Басқарма Төрайымы Уміт Шаяхметова түсінік берді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР

Қазақстан Халық банкінің (Банк) таза кірісі 2018 ж. 2-тоқсандағы 24,1 млрд теңгемен салыстырғанда, негізінен операциялық шығыстар мен табыс салығы бойынша шығыстар аз болғандықтан 2018 ж. 3-тоқсанда 77,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

2018ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда, пайыздық кіріс негізінен долларлық өтімділікті ҚРҰБ-тағы пайыздық емес корреспонденттік шоттарға орналастыру есебінен, 2018 ж. шілдеде ҚРҰБ-пен свопты 300 млрд теңге сомасына өтеу нәтижесінде 5,8%-ға 84,4 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұдан бұрын осы өтімділік ҚРҰБ-тың ноталарына инвестицияланған болатын. Таза пайыздық кіріс төмендеуі салдарынан таза пайыздық маржа 2018 ж. 2-тоқсандағы жылдығы 5,2%-бен салыстырғанда, 2018 ж. 3-тоқсанда жылдығы 5,1%-ға дейін төмендеді.

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша тәуекелдің құны 2018 ж. 9 айда 0,9%-ды құрады, бұл Банктің болжалдарына сәйкес нормаландырылған деңгей болып табылады. Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2018 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, негізінен транзакциялық бизнестің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 7%-ға ұлғайды.

Өзге пайыздық емес кірістер 2018 ж. 2-тоқсандағы 40,2 млрд теңгемен салыстырғанда, негізінен 2018 ж. 3-тоқсанда форвардтық мөлшерлемелері өскендіктен ҚРҰБ-пен свопты оң қайта бағалау есебінен 2018 ж. 3-тоқсанда 44,2 млрд теңгеге дейін 9,8%-ға өсті. Өзге пайыздық емес кірістердің өсуі Халық ККБ-ні сатып алғанға дейін (2017 жылғы 5 шілде) жасалған ККБ-нің қарыздары бойынша резервтер қайта сыныпталғандықтан банк қызметінің өзге кірістерінің төмендеуімен тоқтатылды

Операциялық шығыстар (қаржылық емес активтердің құнсыздануынан зиянды қоса алғанда) 2018 ж. 2-тоқсандағы 65,0 млрд теңгемен салыстырғанда, 45,7%-ға 35,3 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұл төмендеу негізінен 2018 ж. 2-тоқсандағы Банктің мүлкін, инвестициялық активтерін және сатуға арналған активтерін қайта бағалауға байланысты 30,3 млрд теңге мөлшерінде шығыстың есебінен болды. 2018 ж. 3-тоқсанда қаржылық емес активтердің мұндай ірі құнсыздануы болмады. 

Операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасы 2018 ж. 2-тоқсандағы 47,2%-бен салыстырғанда, 2018 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда 2018 ж. 3-тоқсанда операциялық шығыстардың деңгейі төменірек болғандықтан, 25,3%-ға дейін төмендеді. Операциялық кіріс өзге пайыздық емес кірістердің өсуі есебінен 1,3%-ға ұлғайып, төмендеген таза пайыздық кіріспен тоқтатылып тұрды.

АКТИВТЕР

2018 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша активтер 2017 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, негізінен 2018 ж. 24 сәуірде «Алтын Банк» АҚ-тағы 60%-дық үлесті сату есебінен 5,3%-ға төмендеді, одан кейін оның активтері мен міндеттемелері Банктің балансынан шығарылды. 2018 ж. 2-тоқсанның аяғымен салыстырғанда, активтер негізінен 2018 ж. 3-тоқсанда шығарылған борыштық бағалы қағаздарды оң қайта бағалауы және бөлінбеген пайданың өсуі есебінен 1,4%-ға өсті.

2018 ж. 30 шілдемен салыстырғанда, клиенттерге берілетін қарыздар брутто-негізде 0,6%-ға дейін және нетто-негізде 0,6%-ға дейін өсті. Несиелік портфельдің өсуі 2018 ж. 3-тоқсанында корпоративтік клиенттердің ірі өтеулері есебінен тоқтатылып тұрды.

Банктің NPL 90+ коэффициенті 2018 ж. 30 шілдедегі Банк пен ККБ-нің 12,7% мөлшеріндегі агрегаттаулы NPL 90+ коэффициентімен салыстырғанда, 10,9%-ды құрады. Коэффициенттің 2018 ж. 30 шілдемен салыстырғанда төмендеуі негізінен проблемалық берешекті есептен шығару және өтеу салдарынан орын алды.

Құнсыздануға резервтер 2018 ж. 30 маусыммен салыстырғанда, негізінен құнсызданған қарыздарға қарсы жасалған қосымша провизиялардың және несиелік портфельдің валютада деноминацияланған бөлігі бойынша жасалған провизияларды қайта бағалау нәтижесінде 0,7%-ға өсті.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018 ж. 30 маусыммен салыстырғанда, негізі Банк клиенттерінің өзін-өзі қаржыландыру мақсатында қаражатты ішінара алып алу есебінен сәйкесінше 0,8%-ға төмендеді және 1%-ға ұлғайды. 2018 ж. 30 қыркүйекте депозиттердің жалпы сомасында теңгеде деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2018 ж. 30 маусымдағы 53,3%-бен салыстырғанда, 49,7%-ды құрады, сонымен қатар, депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде деноминацияланған бөлшек депозиттер үлесі 30 маусымдағы 44,5%-бен және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы 40,7% -бен салыстырғанда 41,4%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты негізінен оның бағдарламалары шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан алынған қарыздардың өсуі және ағымдағы қызмет барысында корреспонденттік шоттарда қалдықтардың ұлғаюы есебінен 3,5%-ға өсті. 2018 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Банктің қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің 78,2%-ы экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тан 2014-2017 жж. тартылған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 ж. 30 маусыммен салыстырғанда, негізінен 2018 ж. 3-тосқанда теңге бағамының әлсіреуі нәтижесінде валюталық еурооблигацияларды қайта бағалау есебінен 3,9%-ға төмендеді.

Осы баспасөз-релизі күніндегі жағдай бойынша борыштық бағалы қағаздар портфелі былайша ұсынылды:

Halyk тобының борыштық бағалы қағаздары 

20.11.2018 ж. жағдай бойынша

Борыштық құралдың атауы

Айналымдағы номиналды сома

Купон, жылдық %

Өтелетін күні

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ шығарған

Еурооблигациялар

$ 500 млн

7,25%

қаңтар 2021

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған және БЖЗҚ-да орналастырылған облигациялар *

₸ 100 млрд

7,5%

қараша 2024

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған және БЖЗҚ-да орналастырылған облигациялар *

₸ 131,7 млрд

7,5%

ақпан 2025

«Казкоммерцбанк» АҚ шығарған

Еурооблигациялар

$ 750 млн

5,5%

желтоқсан 2022

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған облигациялар

₸ 94,2 млрд

8,75%

Қаңтар 2022

ҚР заңнамасы бойынша шығарылған облигациялар

₸ 59,9 млрд

8,4%

қараша 2019

Тәртіптелген купондық облигациялар

₸ 101,1 млрд

9,5%

қазан 2025

Тәртіптелген купондық облигациялар

₸ 3,5 млрд

7,8% *

сәуір 2019

* Инфляцияға индекстелген

КАПИТАЛ

2018 ж. 30 маусымдағы жағдаймен салыстырғанда капитал Банктің 2018 ж. 3 тоқсанында түсірген таза пайдасы есебінен 9,9%-ға өсті.

Банк капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері келесіні құрады:

 

01.10.2018

01.07.2018

01.04.2018

01.01.2018

01.10.2017

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырландырылмаған:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

K1-1

19,4%

20,6%

21,7%

21,5%

20,2%

K1-2

19,4%

20,6%

21,7%

21,5%

20,2%

K2

21,6%

20,6%

21,6%

21,4%

20,1%

«Казкоммерцбанк» АҚ, сатып алынған сәттен бастап

K1-1

20,8%

21,3%

18,0%

13,1%

K1-2

20,8%

21,3%

19,9%

15,0%

K2

28,6%

28,9%

26,9%

10,3%

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырланған:

негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (CET)

17,8%

17,2%

18,1%

16,9%

15,4%

бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті

17,8%

17,2%

18,1%

16,9%

15,8%

меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

19,9%

19,1%

20,0%

18,9%

17,8%

* Коэффиценттердің әрқайсысы үшін 3% консервациялау буферін және 1% жүйелік буферін қоса алғанда, капитал жеткіліктілігінің минималды талаптары: k1 ¬– 9.5%, k1-2 – 10.5% және k2 – 12.0%.

2018 ж. 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айға ескертулероді қоса, шоғырландырылған қаржылық ақпарат halykbank.kz/ifrs_reports2 бойынша қолжетімді

ШОБ қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу

Халық банкінің мемлекеттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен пәрменді ынтымақтастығы 2018 жылдың үшінші тоқсанында да жалғасын тапты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша есепті кезеңде Банк бағдарламаға қатысушы банктердің арасында несиелік портфель көлемі және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы мақұлданған қарыз алушылар саны бойынша бірінші орынды сенімді түрде иеленіп отыр. Осылайша, Банк қарыз алушыларының «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасының аясында субсидияланған кредиттерінің көлемі 1 қазандағы жағдай бойынша 507,4 млрд теңгеге жетті, бұл аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидияланған ЕДБ клиенттері кредиттерінің жалпы көлемінің 25%-н құрайды.

«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты  Халық банкінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы болып табылады. Банктің клиенттерімен бұл бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 1111 кепілдік шартына қол қойылды, ол бағдарлама аясында шығарылған кепілдіктердің жалпы көлемінің 25%-ын (4 465) құрайды. Бұл ретте «Даму» қоры кепілдіктерінің сомасы Банк үшін 18,5 млрд теңге құрайды, бұл ЕДБ клиенттері кепілдіктерінің жалпы сомасының (66,9 млрд теңге) 28 %-на тең. Осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша Халық банкі кепілдік беру бағдарламасына қатысу шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арасында тұрақты түрде 1 орынға ие.

Бұған қосымша Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 млрд теңгеден Халық банк 163 млрд теңге сомасына 615 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық банк ЕДБ арасында 1 орында тұр.

2006 жылғы мамырда Банк «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды қолға алды. 2018 жылғы 1 қазанға сәйкес «Даму» қоры мен Банк арасында республикамыздың барлық аймақтарын қамтитын бағдарлама аясында жалпы сомасы 17 млрд теңге құрайтын 50 келісім жасалды.

2017 жылғы тамыздан бері Халық банк нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуда. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банк Алматы және Астана қалаларында, 13 облыста (Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола) қызмет етіп отыр. Банктің бағадарламаға қатысу кезеңінде 394 қарыз алушы 3.6. млрд теңгеге қыржалындырылды. Орналастырылған қаражат көлемі бойынша Банк республика ЕДБ арасында 2 орынға ие болып отыр.

2017 жылғы желтоқсанда Халық банк «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісе бастады (жеке құрылысшылардың тұрғын үй салуын ынталандыру бағыты шеңберінде). Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде Банк 31 субсидиялау шартын бекітті және бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Бөлшек бизнес

2018 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғалар салымы нарығында 37,54%-бен озық позициясын сақтап келеді. Осы ретте есептік кезеңнің соңына қарай Банктің бөлшек кредттік қоржыны 985 млрд теңгені құрап, нарықтың 22,31%-на ие.   

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Банк бөлшек клиенттер базасының оң динамикасын көрсетті, ол 2018 ж. 1 қазанында 9,9 млн клиентті құрады, оның ішінде белсенділері (банктік өнімнің біреуден артығымен қолданатын) — 71% немесе 7 млн клиент.

Банк шығарған төлем карталарының саны 9 млн-ға дейін ұлғайды, бұл ретте белсенді төлем карталары бойынша Банк нарықтың 48%-на ие болды.

Банктің өңірлік өкілдіктерінің желісі көптеген жылдар бойы Қазақстанда кең тармақталғандардың қатарына жатады. 1 қазанда клиенттердің барлық сегментіне қызмет көрсететін 22 филиалдан және 634 бөлімшеден тұрды. ККБ-ның филиалдық желісіне есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша 4 559 банкомат пен 1 093 төлем терминалы кірді.

Банктің төлем инфрақұрылымына есеп беру кезеңінің соңында 2 342 банкомат пен 576 төлем терминалы енді, олар ККБ-ның 2 073 банкоматы мен 533 төлем терминалымен қатар жұмыс істеп, қос банктің клиенттеріне қосымша комиссияларсыз тең жағдайда қолжетімді болып табылатын бірыңғай эквайрингтік құрылғылар желісін құрды.

Банк қашықтықтан қызмет көрсету арналарын дамытып, клиенттерді қосымша басымдықтарды ұсына отырып, осы арналарға көшіруге мақсатты. Мысалы, бүгінгі күні комиссиясыз Homebanк қаржы порталы арқылы коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, Жоғары оқу орындарының, бала-бақшалардың төлем ақысын, салық және ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды, Оңай транспорттық картаны толықтыруға (1 136 компанияның қызметтерін) болады. Осымен Банк клиенттерге ыңғайлы сервисті ұсына отырып, банк операциялары бойынша қызмет көрсету жылдамдығын арттыру, әрі банк бөлімшелеріндегі жүктемені азайтуға мақсатты. Нәтижесінде, 2018 жылғы 3 тоқсанында Банктің интернет-банкингі арқылы жалпы 28 млн төлем мен ақша аудару операциялары орындалған.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz