Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Finance «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IPO сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды.

11.05.2024

«Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» (Halyk Finance) Акционерлік Қоғамы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК») ІРО шеңберінде Бірлескен Букраннер және жергілікті ұсынысты ұйымдастырушы ретінде мәміленің табысты аяқталғаны туралы хабарлайды.

Бұл транзакция «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай – «AIX») биржасында өткізілген бірінші ІРО және жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұлттық компаниялардың акцияларын кейінгі орналастырудың тұтас бір қатары бірінші болып табылатын капитал нарықтарында Halyk Finance ұйымдастыратын,  «алғашқы»  мәмілелердің табысты сериясын жалғастыруда.

Қазатомөнеркәсіп AIX–те нарықтық сауда-саттықты бірінші болып ашып қана қоймай, сонымен қатар, Қазақстан тарихында алғаш рет бір биржалық алаңда өзінің теңгелік акциялары мен долларлық жаһандық  депозитарлық  қолхаттарының (әрі қарай - ЖДҚ) бір мезгілдік  бастапқы листингін жүзеге асырды.

Бұл ретте отандық капитал нарығының тарихында алғаш рет орналастырылатын халықаралық бағалы қағаздар бойынша бастапқы есеп айырысулар қазақстандық сауда және AIX депозитарлық-есеп айырысу жүйесі арқылы толығымен өтті.

Өткізілген IPO-ның оң нәтижелері «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»  АҚ  Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде 451,3 миллион АҚШ долларын тартуға, ал Қазатомөнеркәсіпке - жария компания ретінде дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.  Halyk Finance мәмілеге қатысушылардың саны бойынша, жаңа алаңдарда, құқықтық және техникалық белгісіздік жағдайында прецеденттердің болмауы бойынша  күрделі  транзакцияларды  жүргізуге қабілетті,  қазақстандық жетекші инвестициялық банк мәртебесін тағы бір рет растай отырып, AIX алаңындағы мәмілелерде алғашқы өтушінің бірегей тәжірибесіне ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 13 қарашасында Қазатомөнеркәсіп өзінің ЖДҚ Лондон қор биржасында, сондай-ақ ЖДҚ мен AIX-ке жай акцияларын орналастыру туралы жариялады. Орналастыру қорытындысы бойынша 1 ЖДҚ үшін 11,6 АҚШ доллары және 1 жай акция үшін 4 322,74 теңге деңгейінде түпкілікті баға белгіленді. Орналастыру (қосымша орналастыру опционын жаһандық үйлестіруші банктер толық көлемде орындаған жағдайда) Қазатомөнеркәсіп шығарған акционерлік капиталының жалпы санының 15%-ын құрайтын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ сатылатын акциялардан (ЖДҚ нысанындағы акцияларды қоса алғанда) тұрады. Орналастыру нәтижелерімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады http://www.kazatomprom.kz/ru/investors/ipo.

AIX-те қайталама сауда-саттық жай акциялар бойынша 2018 жылдың 14 қарашасынан және ЖДҚ бойынша 2018 жылдың 19 қарашасынан басталды. Лондон қор биржасында ЖДҚ бойынша қайталама сауда-саттық 2018 жылдың 16 қарашасынан басталды. Бұл ретте ЖДҚ  бойынша шартты қайталама сауда-саттық 13 қарашада Лондонда және 14 қарашада AIX-те басталды.

 «Біз халықаралық және жергілікті ұсыныс шеңберінде ІРО өткізу тәжірибеміз ғана емес, (сөзге қарағанда, барлық қазақстандық компаниялар арасында ең ауқымды), сонымен қатар біздің командамыздың бұрын-соңды болмаған және кешенді жобаларды ұйымдастырудағы дағдылары жаңа биржада алғаш рет өткізілетін маңызды транзакция үшін Жергілікті Букраннер ретінде Halyk Finance таңдаған Қазатомөнеркәсіппен және «Самұрық-Қазына» қорымен лайықты бағаланғанын сезіну айрықша қуаныш сыйлайды.

Жаңадан ашылған биржалық алаңдағы нормативтік және техникалық базаның қалыптасуы аясында объективті қиындық жағдайында Halyk Finance жаңа жобаларға сүйене отырып, қойылған міндеттерді шешудің стандартты емес нұсқаларын ұсынумен, IPO-ның барлық кезеңдерін тиімді дайындау мен оңтайлы іске асыруға мүмкіндік берді. Осы мәміленің барлық отандық бағалы қағаздар нарығы үшін үлкен жетістік болып, біз брокерлер мен халықаралық букраннерлер арасындағы биржадан тыс есеп айырысу арқылы емес, биржаның ұйымдастырылған сауда-депозитарлық жүйесі арқылы халықаралық қағаздар бойынша бастапқы есеп айырысуларды алғаш рет жүргізе алдық», - деп, Halyk Finance басқарма төрағасының м.а. Мұрат Темірханов атап өтті.

***

«Halyk Finance» АҚ – қаржылық консалтинг пен андеррайтингті (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығаруды және бастапқы орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтерін (акцияларды және компаниялардың қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша кеңестік қызметтер және корпоративтік борыштық қайта құрылымдауды қоса алғанда), брокерлік қызметтерді және бағалы қағаздармен сауда жасауды, маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық қоржынды басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдамалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ең үлкен клиенттер базасы мен тарату желісі бар Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең спектрін (сақтандыру, лизинг бойынша банктік қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді. Сондай-ақ, банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Тәжікстанда және Қырғызстанда жүзеге асырады.

Капитал нарықтарын басқару

Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаменті
«Halyk Finance» АҚ
www.halykfinance.kz
тел.: + 7 (727) 357 31 77

PR қызметі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
www.halykbank.kz
тел. +7 (727) 259 08 16