Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank Қарағанды облысының Балқаш қаласында жаңа өңірлік филиалын ашты

10.05.2024

Алматы, 2018 ж. 4 желтоқсан — «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) Қарағанды облысының Балқаш қаласында өңірлік филиалын есептік тіркеу туралы (04.12.2018 ж. №140-1930-25) мемлекеттік куәлік алды.

Банктің Балқаш өңірлік филиалы алты әмбебап бөлімшені ұсынады, оның бесеуі Балқаш қаласында, біреуі Приозерск қаласында орналасқан. Филиалдың эквайрингтік инфрақұрылымына 39 банкомат, 13 төлем терминалы және 270 POS-терминал кіреді.

«Осы күнге дейін Балқашта Банктің Қарағанды облыстық филиалының өңірлік өкілдігі табысты жұмыс істеп келді. Оны дербес Балқаш филиалына өзгерту шешімі жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі көшбасшылық орынды нығайтуды көздейтін Halyk Group-тің өңірлік экспансиясы стратегиясына, қызметтердің қолжетімділігін арттыру мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға негізделген», — деп атап өтті Халық банкі Балқаш филиалының директоры Александра Аглюкова.

Банктің Балқаш өңірлік филиалы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша тиімді шешімдерді, кәсіпкерлерге операциялық қызмет көрсету мен жалақы жобаларын қолдауды қоса есептегенде, ұйымдар үшін банк қызметтерінің барлық саласын көрсететін болады.

Өз кезегінде жеке клиенттер өздеріне арналған өнімдердің артықшылығын, яғни мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін кредиттерді қоса алғанда, экспресс-кредиттерді және кредиттік карталарды, жылжымайтын мүлік кепіліне берілетін қарыздарды және ипотеканы пайдалана алады. Бұған қоса Балқаш қаласы мен оған іргелес аудандардың тұрғындарына Go! бонустар есептелетін «Halyk Bank» төлем карталарының желісі, сондай-ақ мемлекет есебінен пайыздық сыйақы есептелетін білім беру салымдарын қоса есептегенде, Банктің мерзімді депозиттерінде қаражат жинаудың кең мүмкіндігі қолжетімді.