Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық Банк Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова 2018 жылғы жазғы спорт түрлерінің үздік бапкерін марапаттады.

10.05.2024

Астана, 6 желтоқсан 2018 жыл. Қазақстан Халық Банкі Басқармасының Төрайымы Үміт Шаяхметова Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті (ҰОК) ұйымдастырған 2018 - Ұлттық спорт жүлдесі жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Жүлде лауреаттарын тоғыз аталым бойынша Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады. Айта кетелік, биыл өтінімдер ұлттық федерациялардан қабылданып, кейін ҰОК спорт Дирекциясы 2018 жылғы Жүлде үміткерлерінің тізімін құрды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің төрайымы Үміт Шаяхметова 2018 жылғы жазғы спорт түрлерінен үздік бапкер ретінде Әлия Юсупованы құттықтап, арнайы мүсіншені табыстады. Сондай-ақ, өзге де номинация бойынша жеңімпаз атанды: 

- «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Юлия Галышева

- «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» - Дмитрий Алексанин

- «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Елена Круглыxина

- «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік бапкер» - Әлия Юсупова

- «Үздік жас спортшы» - Бекарыс Сәдуақас

- «Жылдың үздік командасы» - Су добынан ерлер командасы

- «Жыл жаңалығы» - Глеб Брусенский және Евгений Федоров

- «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» - ҚР Ұлттық семсерлесу федерациясы

- «Үздік аймақ» - Шымкент қаласы

Жеңімпаздарды сондай-ақ марапаттады: Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэс, мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде 2018 жылғы оқытушы Терлікбай Кушай, Қазақстандық вундеркинд, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Акназар Қажымұрат, жас виртуоз, қазіргі заманғы музыка композиторларының және орындаушыларының халықаралық академияларының мүшесі Рахат-Би Әбдісәжин. Жеңімпаздарды марапаттағандар арасында Серік Қонақбаев, Иван Гаранин, Амин Туаков, Ольга Шишигина, Александр Винокуров және Серік Сапиев атақты спортшылар мен спорт қайраткерлері болды.