Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank «Баспана-хит» қолжетімді ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдай бастады

10.05.2024

Алматы, 2018 ж. 04 желтоқсан — Қазақстан Халық Банкі жаңа және қайталама нарықтағы тұғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз беруді көздейтін «Баспана-хит» мемлекеттік кредит беру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдай бастады.

«Ұлттық экономиканың ең ірі кредиторы ретінде Халық Банкі «Баспана-Хит» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсене қатысып, отандастарымыздың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәселені шешуге өз үлесін қосуға дайын. Біз бұл бағдарлама халық арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Өйткені, қайталама нарықта ұсынылған жылжымайтын мүлік көлемі «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сай келетін жаңа жылжымайтын мүліктің көлемінен бірнеше есе жоғары. Кейбір аймақтарда тіпті жоқ десек те болады, - деді Халық банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Динара Аманбаева.

Бағдарлама шарттары бойынша қарыз 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің нарықтық құнының кемінде 20%-ын құрауы тиіс.  Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге және еліміздің басқа өңірлері үшін – 15 млн теңге. Қарыз теңгемен беріледі және сыйақының номиналды мөлшерлемесі келесі формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі (ағымдағы күнге – жылдық 9,25%) + 1,75%.

Бағдарламаға қатысу үшін әлеуетті қарыз алушы жасы 21-ден 60-қа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс; еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 200 000 теңге және қалған өңірлер үшін – 120 000 теңге мөлшерінде расталатын кірісінің болуы; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы тиіс.