Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Standard Poor's Halyk Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен «BB/B» деңгейінде растады

10.05.2024

Алматы, 29 қараша 2018 ж. — Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың (бұдан әрі – Банк) тұрақты болжаммен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «BB» деңгейінде және қысқа мерзімді «B» рейтингісін растады. Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингісі «kzA+» деңгейінде расталды.

Бұл рейтингтік әрекет Қазақстанның банк секторының елдік және салалық тәуекелдері бағасын қайта қараудан кейін орын алды, деп S&P баспасөз-релизінде хабарланды. Агенттік елдің банк секторының салалық тәуекелдері үкімет және мемлекетпен байланысты ұйымдардың, сондай-ақ жақсы іскерлік байланыстары бар банктерді меншіктенушілерінің бірқатар әрекетінен кейін бәсекелестік күшею салдарынан өсті деп болжайды. S&P банктік жүйе бұрыңғыдан да поляризацияланған болды деп санайды: шағын банктер нарықтан ысырылуда, ал ірі қаржы ұйымдар белгілі бір артықшылықтарға ие болуда, өйткені оларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі және де клиенттер қаражаттарын ірі банктерге ауыстырады.

Банк рейтингісін растау оған ұлғайған салалық тәуекелдерге қарсы тұруды мүмкін ететін - нарықтағы оның көшбасшы позициялары, мықты басқарушылар командасы, әртараптандырылған бизнес-үлгі және өтімділіктің жақсы көрсеткіштері туралы S&P агенттігінің пікірін білдіреді. 1 қазандағы жағдай бойынша банктің нарықтық үлесі берілген кредиттердің көлемі бойынша 29%-ды және клиенттер депозиттерінің көлемі бойынша 37%-ды құрады. Банктің басқарушылық командасы бизнесті операциялық ортаның күрделі жағдайларында жүргізе білу қабілетін, дәлірек айтқанда, сектордағы баға белгілеуді анықтау қабілетінің, қорландырудың төмен бағасының және тәуекелдерді басқару жүйелер мен рәсімдердің қанағаттанарлық сапасының арқасында экономикалық цикл бойында жақсы қаржылық көрсеткіштерді қамтамасыз еткенін S&P атап өтті.

S&P Банк пайдасының көрсеткіштері жақын екі жылдағы консервативті кредиттеу саясаты аясында мықты болып қала береді, бұл капитал қорларына позитивті әсерін тигізеді деп санайды. Агенттік тәуекелдерді ескере отырып, түзетілген банк капиталы жеткіліктілігі коэффициенті жақын арадағы екі жылда 7,6–8,1% құрайды деп болжайды  (2017 ж. соңындағы 7,1%-бен салыстырғанда). Бұл жақсару «Казкоммерцбанк» АҚ-пен (бұдан әрі — ККБ) біріктіруден кейін шығыстарды оңтайландыру және синергетикалық нәтижелерді жүзеге асыру бойынша қолданылған шараларды ескере отырып, кредиттер бойынша резервтерді құруға шығыстардың жиынтық кредиттердің 1%-ы деңгейінде тұрақталуымен және төмен операциялық шығындармен байланысты. Банктің кредиттік портфелінің өсу қарқыны, S&P-нің бағалауы бойынша, жақын арадағы екі жылда шамамен 3-5%-ды құрайды, бұл, жалпы алғанда, банк секторы бойынша болжанатын орташа көрсеткіштерге сәйкес келеді.

S&P ККБ бизнесінің Halyk Group қызметіне интеграциясы кедергісіз өтті деп санайды. Банктердің бизнес-процестері 2018 жылғы 28 шілдеде аяқталған біріктіру сәтінде бірыңғай технологиялық платформаға көшірілді. Агенттік келесі жылы екі банктің корпоративтік мәдениеттері үйлестіріледі деп болжайды. Одан бөлек, S&P-нің пікірі бойынша, қызметкерлерді және филиал желісін оңтайландырудың, сондай-ақ ККБ-ның инновациялық ақпараттық технологияларын қолданудың синергетикалық нәтижесі топтың көрсеткіштеріне позитивтік әсер тигізетін болады.

S&P агенттігі банк Қазақстанның банктік секторы үшін жоғары жүйелік мәнге ие деп санайды. Осының нәтижесінде, банктің рейтингісі оның өзінің кредитті өтеуге қабілеттілігінің сипаттамаларын бағалауға қатысты бір қосымша сатыны қамтиды. Банктің рейтингілері бойынша «Тұрақты» болжамы шоғырландырылған топтың кредиттік портфелі жақын арадағы 12-18 айда өзгеріссіз болатынына қатысты S&P-нің болжалдарын білдіреді. Агенттік банк активтері сапасының қосымша резервтердің құрылуына және де өткен жылдары жинақталған проблемалы кредиттерді есептен шығаруға байланысты ары қарай да жақсаруын болжайды.