Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Банктің еншілес ұйымы – Казахинстрах ребрендинг жүргізді

10.05.2024

Халық Банкінің еншілес ұйымы, Қазақстандық сақтандыру нарығының көшбасшыларының бірі «Казахинстрах» АҚ ребрендинг жүргізді. Компания акционерлерінің жалпы жиналысының 2018 жылғы 28 желтоқсанда қабылдаған шешіміне сәйкес компанияның жаңа атауы – «Халық» сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» акционерлік қоғамы (қысқартылған атауы – «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ).

Ребрендинг жаңартылған бизнес стратегиясы аясындағы жоспарлы шешім болды және компанияны Halyk тобы құрамындағы Халық банкінің еншілес құрылымы ретінде нақты тануға мүмкіндік береді.

Жаңа логотип Halyk тобының фирмалық қаріптерін пайдалану арқылы компания атауының жазылуынан және фирмалық белгінің басты элементі ретінде бейнеленген шаңырақтан тұрады.

Компанияның фирмалық стилінің өзгеруіне, маңдайшадағы жазулар және логотиптерді өзгертуге байланысты техникалық іс-шаралар 2019 жылғы 1-тоқсанның аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

***

«Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ – Қазақстан Халық банкі қаржылық тобының құрылымына кіретін ірі әмбебап сақтандырушы. Компания сақтандыру сыйлықақыларын жинау, активтер мен капитал мөлшері бойынша жалпы сақтандыру компанияларының арасындағы көшбасылар қатарына кіреді. 2019 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 44,5 млрд. теңге, активтер – 115,5 млрд. теңге, меншікті капитал – 48,1 млрд. теңге құрады.

2018 жылғы желтоқсанда A.M. Best рейтинг агенттігі компанияның қаржылық тұрақтылығын және ұзақ мерзімді кредит рейтингісін B++ және тиісінше bbb деңгейінде растады, бұл Қазақстандағы жалпы сақтандыру компанияларының арасындағы үздік рейтинг бағамдарының бірі.