Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстандағы сауда қаржыландыруында Халық банкі тағы да үздік деп танылды

11.05.2024

30 қаңтар 2019 ж., Алматы – Қазақстан Халық Банкі Global Finance халықаралық журналының сараптамасы бойынша 2019 жылы сауда қаржыландыруы саласында тағы да Қазақстанның ең Үздік банкі деп танылды.

Жыл сайынғы эксклюзивті сауалнама 19-шы рет жүргізілді. Global Finance журналының редакция алқасы салалық аналитиктердің, компания басшыларының және технологиялар жөніндегі сарапшылардың пікіріне сүйеніп, әлемнің 95 елінде сауда қаржыландыруының үздік ұйымдастырушыларын таңдап алды.

Жеңімпазды таңдау өлшемі ретінде транзакциялардың, жаһандық қамтылу көлемі, клиенттерге қызмет көрсету, бәсекелі бағалар, инновациялық технологиялар, сонымен қатар басқа банктер мен серіктестердің пікірі алынды.

Global Finance журналының баспагері әрі редакторы Джозеф Д. Джаррапуто: «Сауда әлемін протекционизмнің, технологиялық өзгерістердің өсуі және нарықта сауда қаржыландыруын баламалы ұсынушылардың пайда болуы дүр сілкінтті. Trade Finance Awards сыйлығымыздың жеңімпаздары осы дамушы ағымдарды жақсы біледі және өз клиенттерінің халықаралық бизнесінде тәуекелдерді азайтуға және табысқа жетуге қатысты кеңес беріп, шешімдерді көрсетеді», - деп атап өтті.

Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова ханымның айтуынша: «Біз Халық банкінің сауда қаржыландыру саласында көрсетіп келе жатқан қызметтерінің сапасы мен көлемі әлемдік деңгейде жоғары бағаланып жатқанына қуаныштымыз. Банк өз клиенттеріне сауда операцияларын жүргізген кезде аса бәсекеге қабілетті талаптарды ұсына отырып, бизнестің бұл саласындағы қадамын нық сезінеді. Бұған банктің жоғары беделі мен рейтингі ғана емес қандай да бір қиындығына қарамастан мәмілелерді құрылымдаудағы әріптестеріміздің тәжірибесі де себепші болып отыр.»

Сауда қаржыландыруы жөніндегі әлем бойынша үздік ұйымдастырушыларының тізімі журналдың 2019 жылғы ақпандағы санында жарияланатын болады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz