Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық Банк Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің аясын кеңейтіп, жаңа бизнес орталығын ашты

10.05.2024

2019 жылғы 6 ақпан, Алматы - Халық Банкі қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылдаған бағдарламасы аясында Алматыда Business форматында заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған жаңа банк бөлімшесін ашты.

Бұл Оңтүстік астанадағы бизнеске үшінші қызмет көрсету орталығы. Ол Халық Банкінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру бойынша тиімді шешімдерді, кәсіпкерлерге операциялық қызмет көрсету мен жалақылық жобаларды сүйемелдеуді қоса, ұйымдар үшін банк қызметтерінің барлық түрін ұсынуға бағытталған бөлімше.

«Халық Банкі мен Казкоммерцбанкті сәтті біріктіргеннен кейін біз банктің ары қарай дамуы мен IT жүйелеріміз бен процестерді жетілдіруді ерекше назарға алдық. Банктік сервисті сапалы түрлендіру біз үшін басты сын-тегеурін болып табылады, сол себепті біз жігерімізді ең алдымен филиал жүйесінің клиенттеріне көрсететін қызметтерді ықшамдап, жеңілдетуге бағыттадық. Бүгін біз жаңа бөлімше аштық, мұнда заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты банктің атына айтылған ұсыныстарды ескеруге тырыстық. Кәсіпкерлер, бухгалтерлер тарапынан барлық сұратуларды зерделеп, бизнеспен жұмысты бұдан да тиімдірек ұйымдастыру мақсатында клиенттік тәжірибені клиентке бағдарлану үшін қолданамыз», - деді өз сөзінде банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.   

Бизнес-орталықтың басымдықтары ретінде оның қаланың іскерлік бөлігінде тиімді орналасуы мен кең автотұрақтың болуы туралы айта кету орынды. Менеджермен тілдесу үшін енді кезекте күту уақыты 1 минутты құрайды. Кең, заманауи кеңседе 18 менеджер және 4 кассир клиенттермен бір сәтте жұмыс жасай алады, сонымен қатар мұнда банктік қызметтерді өз бетінше алуға арналған бейнебанкинг бөлмесі де орналасқан. Қеңсені аймақтарға бөлу барысында  клиенттердің құпиялылықты сақтау бойынша ұсыныстары ескерілді, VIP-қызметін көрсету, күту және келіссөздер жүргізу үшін аймақтар да жабдықталған.

Халық Банкте 200 мыңнан артық ұйымға операциялық қызмет көрсетіледі екен. Банктің Алматыдағы жаңа бөлімшесінде 5 мыңнан артық қызмет алады деп күтілуде.

Бөлімшеге келген әрбір клиент онлайнбанкинг қызметіне қосылады. Халық Банк филиалдық желіні оңтайландырумен қатар заңды тұлғаларға қашықтықтан қызмет көрсету бағытын белсенді түрде дамытуда, жақын арада жаңа жоба іс-жүзіне асуы жоспарланған. 

Бөлімше Әл-Фараби, 34 мекенжайы бойынша Алматы қаржы орталығы кешені ғимаратында орналасқан. Мұнда есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетіледі, айырбастау және аудару, кредит беру, салым қабылдау, банк карталарына қызмет көрсету операциялары жүргізіліп, сондай-ақ Onlinebank,Mobilebank қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар бұл ғимаратта Халық Банктің заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімшесі де орналасқан.

Байланыс үшін:
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz