Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк «IITU Robocon 2019» робототехника бойынша чемпионатқа қолдау көрсетті

10.05.2024

2019 жылғы 15 ақпан, Алматы – Халық банктің қолдаумен Алматы қаласындағы Халық Арена спорт кешенінде қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында тұңғыш рет робототехникадан республикалық чемпионат өтті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен 15 жоғары оқу орнының 100-ден астам студенті «IITU Robocon 2019» чемпионатына қатысты. Студенттер Arduino платформасы (микроконтроллер) негізінде өздерінің әзірлеген дүниелерін ұсынды. Бұл роботтарды нөлден бастап жасауға мүмкіндік береді: жобалау бағдарламалау (дизайн, механика, электроника, роботтың зияткерлік бағдарламасын жазу).

Байқауды ұйымдастырушы - Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Қазақстан Халық банкінің ұзақ мерзімді серіктесі болып табылады. Атаулы сайыс Жастар жылы аясында өткізіліп, университеттің 10 жылдық мерейтойына арналды.

«Чемпионаттың мақсаты - қатысушыларға өздерінің жаңа жобаларын әрі қарай іске асыру және Қазақстанның инновациялық қызметіне белсенді қатысу үшін заманауи техникалық білім беру. Біз Халық банкіне және Халық қорына осы шараға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Arduino роботтарды дайындау технологиясын игеріп, чемпионатқа қатысушылар IT, электроника және робототехника саласында ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институттың кіші зертханашы ретінде жұмыс істей алады»,- деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры Медет Тұрғамбаев.

Әртүрлі білім беру жобаларына көптеген жылдар бойы қолдау көрсетіп жүрген Халық банкі алғаш рет «IITU Robocon 2019» робототехникалық чемпионатының өткізілуін қолдады. Банктің пікірінше, мұндай сайыстар жастардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, студенттер цифрлы қоғамды қалыптастыруды жеңілдетеді. Бүгінгі таңда Халық банк студенттердің дайындаған дүниелерін қарастырып, оны одан әрі дамыту мақсатында жұмыс жасауға дайын.

«Банк секторында бизнес-процестерді роботтандыру сәтті іске асырылды. Әлемдегі әйгілі банктер қолмен жұмыс істеуді автоматтандыру, адамға тәуелділікті азайту, қателерді жою, операцияларды жеделдету сынды жұмыстармен түрлі мақсатта белсенді жүзеге асыруда. Қазақстандық банктер болашақта роботтарды жалдауы мүмкін, сондықтан Халық банк қазіргі уақытта бұл бағытта белсенді жұмыс жасауда », - деді банк төрағасының орынбасары Нұрлан Жағыпаров.

Қазақстан Халық банкінің демеушілік және қайырымдылық бағдарламалары қоғам мен экономиканың тұрақты дамуына бағытталған корпоративтік стратегияның бір бөлігі. 2016 жылы банк акционерлері құрған «Халық» қайырымдылық қоры Білім беру және студенттерді қолдаудың бірнеше бағдарламаларын, соның ішінде Hachday, футзал бойынша Ұлттық Студенттік Лигасын қаржыландыруды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Банк халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесе отырып, мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеуде.

Байланыс үшін:
«Қазақстан Халық банкі» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7 (727) 33 22 820
Электронды пошта: pr@halykbank.kz

PDF нұсқадағы баспасөз-релизі