Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Finance «Global Finance» беделді халықаралық журналының нұсқасы бойынша «Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» және «Орталық және Шығыс Европаның акциялар нарығындағы ең үздік инвестициялық банкі» деп танылды

14.05.2024

«Global Finance» әйгілі халықаралық журналы (www.gfmag.com) жетекші халықаралық инвестициялық банктерді жыл сайын жете іріктеу нәтижелері бойынша «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ-ты (бұдан әрі – «Halyk Finance») «2019 жылы Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» (“Best Investment Bank in Kazakhstan 2019”) және «2019 жылы Орталық және Шығыс Европаның акциялар нарығындағы ең үздік инвестициялық банк» (“Best Equity Bank in Central and Eastern Europe 2019”) атақтарына лайық деп тапты.

«Halyk Finance қатарынан екі жыл бойы аймақаралық деңгейде халықаралық тануға ие болып отыр.  «Орталық және Шығыс Европаның акциялар нарығындағы үздік инвестициялық банк» марапаты жарты миллиард халқы бар нарық үшін шын мәнінде әсерлі жетістік болып табылады және Halyk Finance командасы жасаған ерен жұмыстың нәтижелерін көрсетеді. Біз көрсетіп жатқан қызметтерге жоғары сапалы тәуелсіз халықаралық сарапшылардың берген әділ бағасымен мақтанамыз. Еске алсақ, 2018 жылдың наурызында Halyk Finance «EMEA Finance» беделді халықаралық баспасының нұсқасы бойынша «Орталық және Шығыс Европаның облигациялық нарығындағы ең үздік инвестициялық банкі» деп танылды.

Біз Global Finance нұсқасы бойынша ең беделді «Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» айтулы марапатын міне 5-ші мәрте алып отырмыз – бұрын біз бұл марапатқа 2011, 2012, 2014 және 2015 жж. ие болғанбыз. Біздің компания отандық капитал нарығын дамытуда маңызды роль атқарады және корпоративтік клиенттерімізге қор жинау құрылымын әртараптандыруға елеулі үлесін қосады. Біз капитал нарықтарында мәмілелердің ұйымдастырушысы ретінде Halyk Finance-ты таңдағаны және үздіксіз сенімі үшін оларға алғыс білдіреміз. Бүкіл командамыздың тәртіпке салынған керемет жұмысы осыншама жоғары деңгейде бағаланғанына қатты қуанам», - деп Halyk Finance Басқармасы төрағасының м.а. Мұрат Темірханов түсінік берді.

2018 жыл Halyk Finance үшін табысты жыл болды және инвестициялық-банктік қызметтердің бәсекелі нарығында компанияның көп жылдық көшбасшылық орнын айтарлықтай нығайтты. Сонымен, соңғы жылда Halyk Finance EMEA Finance, Global Business Outlook беделді басылымдарының және Cbonds ақпарат агенттігінің нұсқасы бойынша тағы да Қазақстанның үздік инвестициялық банкі деп танылды. Бұдан бөлек, Cbonds сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Еврооблигацияларды орналастыру бойынша қазақстандық андеррайтерлер рэнкингіне басшылық етті.

Жеңімпаздарды анықтау үшін, «Global Finance» журналының баспагерлері инвестициялық-банктік сектордың жетекші сарапшыларымен бірлесе отырып нарықтық үлестің көлемін, мәмілелер саны мен жалпы көлемін, клиенттерге кәсіби қызмет көрсету және консультация беру деңгейін, мәмілелерді құрылымдау бойынша мүмкіндіктерді, сату арналарының тиімділігін, ағымдағы нарықтық жағдайлар аясында қойылған міндеттерді шешу бойынша күш салуды, инновациялық тәсілді, бағалы қағаздарды орналастыру кезінде баға белгілеуді және мәмілелер аяқталғаннан кейін бағалардың бет алысын, сондай-ақ компанияның нарықтағы беделін қоса, көптеген критерийлердің жиынтығын ескерген болатын.

***

«Halyk Finance» АҚқаржы консалтингі мен андеррайтингті (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарды шығаруын және орналастыруын ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтерін (компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша M&A консультациялық қызметтерін және корпоративтік борыштық қайта құрылымдауды қоса), брокерлік қызмет көрсетулер мен бағалы қағаздармен сауда жасауды, KASE мен АІХ сауда алаңында маркет-мейкердің қызметтерін, портфельді басқаруды, сондай-ақ ұдайы аналитикалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ  Қазақстандағы ең үлкен клиенттер базасы мен тарату желісі бар жетекші қаржы тобы мен бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес пен корпоративтік клиенттеріне кең ауқымда көрсетілетін қызметтерді (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтер, брокерлік және активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді. Сондай-ақ  Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда және Тәжікстанда жүзеге асырады.

Global Finance – 50 мыңнан астам тиражы және әлемнің 189 елінде оқырмандары бар халықаралық қаржы басылымы. 

Байланыс үшін:

Консалтинг және Андеррайтинг
Басқармасының басшысы
«Halyk Finance»АҚ
тел.: + 7 727 357 31 77
www.halykfinance.kz


«Қазақстанның Халық банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz