Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық Банкі Басқармасында өзгерістер болды

13.05.2024

4 наурыз 2019 жыл, Алматы, - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, Халық Банкі) Директорлар кеңесінің шешімімен Михаил Никитович Каблашев басқарманың жаңа мүшесі болып сайланды және Банк басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Каблашев мырзаға Банктің ақпараттық технологиялар блогына (АТ) жетекшілік ету жүктелді. Бұл лауазымда бұрын қызмет еткен Қуат Қайроллаұлы Құсайынбеков басқа жұмысқа ауысыуына байланысты Басқарма құрамынан шықты.

Михаил Никитович Каблашев Банкте 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, әр жылдары АТ инфрақұрылым департаментін, Жүйелік қамтамасыз ету және телекоммуникациялар департаментін басқарды. 2016-2017 жж. «Altyn Bank» АҚ-тың «Цифрлық банк» жобалық офисін басқаруды қоса атқарды. 2017-2018 жж. «Казкоммерцбанк» АҚ IT блогының бас IT директоры лауазымында қызмет атқарды. Қазіргі уақытқа дейін Халық Банкінің бас АТ-директоры лауазымында жұмыс жасады.

Әртүрлі қаржы ұйымдарында, оның ішінде «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ-та, «АТФБанк» АҚ-та 10-жылдық жұмыс тәжірибесі бар, онда ақпараттық технологиялар, инфрақұрылым және телекоммуникациялар мәселелерімен айналысты.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасы 10 адамнан құралған: Шаяхметова Ү.Б., Боданов А.Ж., Жағыпаров Н.Т., Каблашев М.Н., Қарпықова Ә.С., Кошенов М.У., Сәлімов Е.И., Сартаев Д.Ж., Сатыбалдина Ж.С., Талпақов А.Б.

Егжей-тегжейлі ақпарат Банк сайтында қолжетімді:

http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_board_changes_010319_4576.pdf

Халық Банкі PR-қызметінің байланыстары
+7 (727) 332-28-20, ішкі 02820
Email: pr@halykbank.kz