Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

ERG мен Халық банк тұрғын үй бағдарламасы аясындағы әріптестік туралы меморандум жасасты

13.05.2024

Еуразиялық Топ Халық банкімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік ипотекалық «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы негізінде жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды.

Қол қойылған Меморандум шарттарына сәйкес, Еуразиялық Топ пен Қазақстанның Халық банкі (Халық банк) Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуі аясында айтылған бірінші бастама «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігін ұсыну» тапсырмасын орындауда серіктесе қызмет етпек.  

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қызметкерлерін баспанамен қамтуға бағытталған. Меморандум кәсіпорын қызметкерлеріне «7-20-20» бағдарламасымен ипотека беруде, жұмыс беруші – Еуразиялық Топ тарапынан қаржылық міндеттемелер бойынша кепілдеме негізінде Қазақстанның Халық банкі тарапынан септесуді көздейді. ERG-дің жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатыны туралы жыл басында хабарлаған болатын.

– Қазақстанда Еуразиялық Топтың 25 жылдығы қарсаңында жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанымызға қуаныштымыз. Біз бұл бағдарламаны Қазақстанның халық банкімен бірлесе әзірледік. Ендігі жерде біздің қызметкерімізге алғысы келген баспананың тек 10% көлеміндегі бастапқы жарнаны жинауы қажет болады. Қалған 10%-ына біз 5 жылға жылына 0,1% өсіммен займ береміз, – деді Eurasian Resources Group директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Қызметкерден түскен қаржыландыру туралы өтінішті Халық банк тек Еуразиялық Топ берген борышкердің Келісім бойынша банк алдындағы міндеттемелерін орындайтынын кепілдендіретін жеке хат негізінде ғана қарастырады. Халық банктің кең филиалдар желісі ипотекаға берілген өтінімдердің жедел қарастырылуына сеп болмақ.

– Өз қызметкерлерінің займды қайтаруға қатысты тәуекелдерін жұмыс беруші мойнына алу сынды әріптестіктің осындай форматы бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы деп білеміз. Әрі оны қазақстандық өзге де табысты компанияларға таратуға болады. ERG мен бірлескен жобамызды жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының әзіресе аймақтарда белсенділігі артады деген үіметтеміз, - деді Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

  ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі қызметкерлер ипотека алудағы кепілдіктер мен 10% көлеміндегі жеңілдетілген шартпен берілетін займға Астана, Алматы мен Шымкент қаласынан өзге өңірлердегі ERG кәсіпорындарының қызметкерлері өтінім бере алады. Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, Еуразиялық Топ борышкердің қаржылық міндеттемелерінің орындалуының кепілі болады. Бұл механизм арқасында барлық қызметкерлер, соның ішінде Хромтау, Ақсу мен өзге де моноқалалардағы қызметкерлер тиімді шартпен баспаналы бола алады.

Қызметкерлерді жеке баспанамен қамтамасыз ету  Еуразиялық Топтың әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. 2018 жылдың желтоқсан айында ERG мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-ның бірлескен тұрғын үй бағдарламасы мәресіне жеткен болатын. Оның аясында ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 9 тұрғын үй салынып, жалпы саны 700 пәтер сатылған.

2006 жылдан бері тұрғын үй бағдарламасының арқасында Топ кәсіпорындарында еңбек ететін Ақтөбе (Ақтөбе, Хромтау), Қарағанды (Қарағанды), Қостанай (Рудный) және Павлодар (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) облыстарындағы 3 000 қызметкер өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарта алды.

2018 жылдың күзінен бері жалпы сомасы 4 млрд теңге* ипотекалық займ берген Халық банкі қазіргі таңда мемлекеттік «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламасын жүзеге асырушы үздік үштікке енген. Ипотекалық бағдарламаны оператор – «Баспана» ипотекалық ұйымы банк берген несиені сатып алу арқылы қорландырады.

*Қос бағдарлама бойынша жинақталған жалпы ақпарат

Қосымша ақпарат үшін:

Еуразиялық Топ, Астана қ.,
Корпоративтік коммуникациялар департаменті
т/ф. +7 (7172) 59 21 52, 59 20 09
press@erg.kz
www.erg.kz

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group Қазақстандағы бизнесінің 25 және Люксембургте орналасқан Басқарушы компанияның бас кеңсесінің 5 жылдығын атап өтпек.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жоба жүзеге асырылуда.

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Оның үстіне кәсіпорын өнімдері: мыс пен кобальт Лондон металдар биржасында сатылады.  

Сонымен қатар, компанияның  Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.

Бразилияда ERG жылдық қуаты 20 млн тонна темір кенін өндіруге мүмкіндік беретін Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда. Онда өндіру мен логистикалық кешен толық кіріктірілген.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

Қазақстан Халық Банкі - бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызмет көрсету, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару сегменттері бойынша Қазақстанның жетекші қаржы тобы.  Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, ал 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында листингі бар. Банк қазақстандық екінші деңгейлі банктердің арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Moody’s – Ba1 / Fitch – BB / S&P – BB). 2017 жылғы шілдеде Банк қазақстандық банк активтерінің мөлшері жағынан екінші ірі – Казкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды және 2018ж. шілдеде оны толықтай біріктіріп алды. Банк 2018ж. 30 қыркүйекте 8,389.9 млрд. теңге мөлшеріндегі активке ие Қазақстандағы көшбасшы кредиттік ұйым болып табылады. Банктің бүкіл ел бойынша ең ірі клиенттік базасы мен филиалдық желісі – 656 филиалы мен бөлімшелері бар. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда жұмыс істейді. Өзбекстанда еншілес банкті ашуға дайындалуда. Банк туралы толық ақпарат https://www.halykbank.kz сайтында орналасқан.  

«Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 2018 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілген «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру үшін құрылды. Ұйымның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Ұйым Жарғыға сәйкес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: ипотекалық қарыздарды беру, факторингтік операциялар, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушылардан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлеуді талап ету құқығын (екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын) сатып алу, екінші деңгейдегі банктерге ипотекалық тұрғын үй қарыздарын кері сату, тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыру бағдарламаларын (оның ішінде мемлекеттік) әзірлеуге, іске асыруға және қаржыландыруға қатысу.

2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұйымға мынадай қызметтің түрін – төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен кредиттер беруге №4.1.7 лицензиясын берді. Лицензияның қолданылу мерзімі – мерзімсіз.

2018 жылғы 17 желтоқсанда Fitch Ratings «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына  шетел және ұлттық валютасында эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін «BBB» деңгейінде және ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтингісін «AAA(kaz)» деңгейінде тағайындады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».