Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық Банкі «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-тың 2018 жылғы 12 айдың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады

13.05.2024

Өткен жылы қазақстандық қаржы секторы тағы да бірқатар драмалық жағдайды басынан өткізді, олардың бірнешеуі шешуші сипатқа ие болды. Банк жүйесін сауықтыру процесі нарықтан бірқатар проблемалы ойыншылардың кетуіне және кейбір банктерге көмек көрсетуге себеп болды. Осыған қарама-қарсы банктерді біріктірудің сала тарихындағы ең ауқымды процесі сәтті аяқталды. Halyk және Qazkom - ең ірі қаржы институттары клиенттерге арналған жаңа мүмкіндіктері бар мықты біріктірілген банк құру үшін өз инфрақұрылымдарын, технологиялары мен командаларын біріктірді, қазір ол нарықтың үштен бір бөлігінен артық үлеске ие. Біріктіру банктердің ағымдағы қызметімен қатар жүрді, осы процестің күрделілігіне қарамастан, бизнес көлемін және оның табыстылығын ұлғайтып қана қоймай, клиенттердің көпшілігінің сенімі мен бейілділігін сақтап қалды. Осыған қоса, Halyk айтарлықтай пайда алды. Теңдессіз шоғырландыру жобасын аяқтап, біз ең ірі банк мәртебесі және де оның әлеуметтік маңыздылығының өсуі бұдан да тиімді, клиенттердің қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, жұмыс жасауды талап ететінін түсіндік. Бұл жағдай  банкте қызмет көрсету үлгісін түрлендіру жобасы бастауға септігін тигізді, ол өнімдер желісін кеңейтуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен технологиялылығын көтеру үшін процестерді сандық жүйеге көшуге негізделген. Бүгін Халық банкінің алдында жаңа мақсат тұр – Қазақстан 2020 жылы ДСҰ-ға кіруіне орай нарықта жергілікті ойыншылармен де, шетелдік қаржы институттармен де тиімді бәсекелесуге дайын болу», - деп Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

2018 жылдың 12 айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың (бұдан әрі – «Банк») таза кірісі өткен жылғы осындай мерзімдегі 173,362 млрд теңгеден негізінен пайыздық және комиссиялық кірістер өсу есебінен 46.7%-ға 254,238 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

2018ж. 4-тоқс. таза кірісі 2018ж. 3-тоқс. үшін 77,8 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 жылғы 4-тоқс. таза пайыздық кірістің жоғарырақ деңгейі есебінен 90,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, таза пайыздық кіріс негізінен пайыздық активтердің орта қалдықтары өсуі есебінен, сондай-ақ 2018ж. 4-тоқс. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры шекті сыйақы мөлшерлемелерді төмендеткеннен кейін бөлшек депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау нәтижесінде пайыздық шығыстар азаюы есебінен 16,8%-ға 99,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2018 жылдың қорытындылары бойынша таза пайыздық маржа 2017 жылғы 4,9%-дан жылдығы 5,1%-ға дейін өсті. 2018ж. 4-тоқс. үшін таза пайыздық маржа көрсеткіші 2018 ж. 3-тоқс. үшін 5,1%-бен салыстырғанда, көбінде бөлшек депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау нәтижесінде және одан азырақ мөлшерде пайыздық мөлшерлемесі төмен, шетел валютасында деноминацияланған депозиттер үлесі ұлғаю нәтижесінде жылдығы 5,6%-ға дейін өсті. 

2018 жыл үшін клиенттерге берілген заемдар бойынша тәуекелдің құны 2017 жылдағы 2,2%-дан 0,5%-ға дейін төмендеді.  2018ж. 4-тоқс. тәуекел құны ірі құнсыздандырылған корпоративтік қарызды өтеу және провизияларды таратуға әкеліп соққан кейбір проблемалық корпоративтік қарыздарды КАБҰ-ға беру салдарынан (0,6%-ды) құрады.

2018 жылғы 12 ай үшін қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2017 жылмен салыстырғанда, 29,2%-ға өсті.  2018ж. 4-тоқс. қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 0.5%-ға өсті. Карталарға қызмет көрсету бойынша және банктік аударымдар бойынша кірістер 2018 ж. 3-тоқс. салыстырғанда,  2018 ж. 4-тоқс. 1.8%-ға төмендеді. Өзге пайыздық емес кірістер 2018 ж. 3-тоқс. үшін 42.8 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 ж. 4-тоқс. үшін негізінен 2018ж. 4-тоқс. свопты оң қайта бағалаудың төменірек деңгейі есебінен 24.6 млрд. теңгеге дейін 42.4%-ға төмендеді.

Операциялық шығыстар (қаржылық емес активтердің құнсыздануынан залалдарды қоса алғанда) 2017 жылдағы 105,797 млрд. теңгеден 2018 жылы 137,223 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2018 жылғы 3-тоқс. 33,9 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 жылғы 4-тоқс. операциялық шығыстар 36,5 млрд. теңгеге дейін 7,8%-ға ұлғайды. Бұл ұлғаю негізінен 2018 ж. 4-тоқс. Банк мүлкінің, инвестициялық активтердің және сатуға арналған активтердің құнсыздануына байланысты 2,3 млрд. мөлшеріндегі шығыс есебінен орын алды. 2018ж. 3-тоқс. қаржылық емес активтердің мұндай ірі құнсыздануы болған жоқ. Операциялық шығыстардың ұлғаюы 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. жалақыға және сыйлықақыларға шығыстардың негізінен 2018 ж. шілде айында біріктіруге байланысты бір реттік төлемдер есебінен 8,7%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

Операциялық шығыстарды операциялық кірістерге қатынасы алдыңғы жылдағы 29,5%-бен салыстырғанда 2018 жылдың 12 айында 31,7%-ға дейін ұлғайды. 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. операциялық шығыстардың жоғарырақ деңгейі және операциялық кірістердің төменірек деңгейі салдарынан 2018 ж. 3-тоқс. 24,5%-бен салыстырғанда, 4-тоқсанда көрсеткіш 28,5%-ды құрады. Операциялық кіріс негізінен өзге пайыздық емес кірістердің төмендеуі есебінен 7,3%-ға төмендеді.

Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2017 жылғы 12 айдағы жылдығы 22,7%-дан жылдығы 27,9%-ға дейін өсті.

Орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2017 жылғы 12 айдағы жылдығы 2.6%-дан жылдығы 3.0%-ға дейін өсті.

Активтер 2018 жылғы 12 айда үшін 1,1%-ға өсіп, 8,9 млн. теңгені құрады. Активтер 2018ж. 3-тоқс. аяғымен салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. негізінен клиент салымдары түсімі және бөлінбеген пайда өсуі есебінен 6,8%-ға өсті.

2018 ж. 3-тоқс. аяғымен салыстырғанда, клиенттерге берілетін қарыздар 7,6%-ға брутто негізде және 6,8%-ға нетто негізде өсті. 2018ж. 4-тоқс. несиелік портфельдің өсуі (+8,8% брутто негізде) корпоративтік портфельдің, ШОБ портфелінің өсуіне (+17,8% брутто негізде)  және ипотекалық портфельдің өсуіне (+1,9% брутто негізде) байланысты болды, бұл ретте өсу тұтынушылық қарыздар портфелінің төмендеуіне (-1,4% брутто негізде) байланысты ішінара ұсталып тұрды.

Қаржылық ахуал туралы жинақталған аралық шоғырландырылған есеп

Млн. теңге

 

31-желт-18

30-қырк-18

31-желт-17

Жыл аяғына өзгеріс, %

2018 ж. 3-тоқс. аяғына өзгеріс, %

Активтердің барлығы

8,959,024

8,389,875

8,857,781

1.1%

6.8%

Ақша қаражаты және олардың баламалары

1,870,879

1,803,679     

1,891,587  

-1.1%

3.7%

Кредиттік мекемелердегі қаражат

55,035

71,804           

87,736       

-37.3%

-23.4%

ҚР Қарж. Мин. қазынашылық вексельдері мен ҚРҰБ ноталары

2,226,320

2,026,220    

1,878,870  

18.5%

9.9%

Өзге БҚ мен туынды құралдар

782,356

684,170       

    831,531

-5.9%

14.4%

 Несиелік портфель, брутто*

3,890,872

3,614,422    

3,568,263  

9.0%

7.6%

 Құнсыздануға резервтер**

-409,793

- 354,341

- 317,161

29.2%

15.6%

Несиелік портфель, нетто

3,481,079

3,260,081    

3,251,102  

7.1%

6.8%

Сатуға арналған активтер

56,129

68,545        

    552,405

-89.8%

-18.1%

Өзге активтер

487,226

475,376        

    364,550

33.7%

2.5%

Міндеттемелердің барлығы

7,893,378

7,411,998

7,923,324

-0.4%

6.5%

Депозиттердің барлығы, соның ішінде:

6,526,930

6,068,200

6,131,750

6.4%

7.6%

  жеке тұлғалар депозиттері

3,395,590

3,247,252  

3,104,249  

9.4%

4.6%

мерзімдік салымдар

2,918,070

2,848,028

2,691,886

8.4%

2.5%

           ағымдағы шоттар

477,520

399,224

412,363

15.8%

19.6%

 заңды тұлғалар депозиттері

3,131,340

2,820,948

3,027,501

3.4%

11.0%

мерзімдік салымдар

1,374,592

1,229,160

1,705,971

-19.4%

11.8%

           ағымдағы шоттар

1,756,748

1,591,788

1,321,530

32.9%

10.4%

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

900,791

895,042

962,396

-6.4%

0.6%

Кредиттік мекемелердің қаражаты

168,379

161,416

255,151

-34.0%

4.3%

Сатуға арналған активтерге тікелей жататын міндеттемелер

0

0

334,627

-100%

-

Өзге міндеттемелер

297,278

287,340

239,400

24.2%

3.5%

Капитал

1,065,646

977,877

934,457

14.0%

9.0%

 Банктің NPL 90+ коэффициенті 2018ж. аяғындағы жағдай бойынша 12,1%-бен және 2018ж. 30 қыркүйектегі 10,9%-бен салыстырғанда, 8.2%-ды құрады. Коэффициенттің төмендеуі проблемалық берешекті есептен шығару, өтеу және қайта құрылымдау есебінен орын алды.

Құнсыздануға резервтер 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, негізінен бұрын нетто негізде шоғырландырылған ККБ қарыздарын (яғни 2017 ж. 4 шілдеге дейін жасалған провизияларды қоспағанда) қайта құрылымдау нәтижесінде провизиялар ұлғаюы есебінен 15,6%-ға өсті. Қайта құрылымдаудан кейін осы арқылы провизияларды ұлғайта отырып, бұл қарыздар есептілікте брутто негіздегі жаңа қарыздар болып көрсетілді.  Нәтижесінде 2018ж. 30 қыркүйекпен салыстырғанда, брутто негіздегі қарыздар 2018ж. 31 желтоқсандағы нетто негіздегі қарыздарға қарағанда, көбірек өсті.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018ж. 30 қыркүйекпен салыстырғанда, негізінен клиент салымдары түсімі және 4-тоқсанда теңге бағамы әлсіреуі салдарынан шетел валютасында деноминацияланған депозиттерді оң қайта бағалау есебінен сәйкесінше 11,0%-ға және 4,6%-ға өсті. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде номинацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2018ж. 30 қыркүйектегі 49,7%-бен және 2017ж. 31-желтоқсандағы 48,3%-бен салыстырғанда, 48,3%-ды құрады, сонымен қатар депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде номинацияланған бөлшек салымдардың үлесі іс жүзінде өзгермей, 2018ж. 30 қыркүйектегі 41,4%-бен және 2017ж. 31-желтоқсандағы 40,7%-бен салыстырғанда, 41,0% деңгейінде қалды.

Кредиттік мекемелер қаражаты 2018ж. аяғымен салыстырғанда, негізінен қазақстандық банкілердің қарыздары мен салымдары өсуі және ағымдағы қызмет барысында корреспонденттік шоттардағы қалдықтардың ұлғаюы есебінен 4,3%-ға өсті. 2018ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы институттар алдындағы Банк міндеттемелерінің 76,0%-ы 2014ж.-2017ж. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 ж. 3 тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 0,6%-ға, негізінде 2018 ж. 4 тоқсанындағы теңге бағамының әлсіреуі нәтижесінде валюталық Еврооблигацияларды қайта бағалау есебінен өсті. Банк 2019 ж. 1 наурызда 5,5% мөлшерлемесімен және өтеу мерзімі 2022 ж. құрайтын 750,000,000 АҚШ доллары сомасына шығарылған облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеді. Ішінара өтеу есептелген, бірақ төленбеген сыйақымен бірге 200,000,000 АҚШ доллары мөлшерінде жүргізілді.

2018 ж. 3 тоқсанымен салыстырғанда Банк капиталы 2018 ж. 4 тоқсан ағымында Банк тапқан таза пайда есебінен 9,0%-ға өсті және 1 065 646 млн. теңгені құрады.

 Банк капиталының жеткіліктік коэффициенттері*:

 

01.01.2019

01.10.2018

01.07.2018

01.04.2018

01.01.2018

Капиталдың жеткіліктік коэффициенттері, шоғырландырылмаған

Halyk Bank

K1-1

19.7%

19.4% 

20.6%

21.7%

21.5%

K1-2

19.7%

19.4% 

20.6%

21.7%

21.5%

K2

21.6%

21.6% 

20.6%

21.6%

21.4%

 

 

 

 

 

 

Казкоммерцбанк, сатып алу сәтінен бастап

K1-1

 

 

20.8%

21.3%

18.0%

K1-2

 

 

20.8%

21.3%

19.9%

K2

 

 

28.6%

28.9%

26.9%

 

 

 

 

 

 

Капиталдың жеткіліктік коэффициенттері, шоғырландырылған:

негізгі капиталдың жеткіліктік коэффициенті (CET)

18.5%

17.8%

17.2%

18.1%

16.9%

бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктік коэффициенті

18.5%

17.8%

17.2%

18.1%

16.9%

меншікті капиталдың жеткіліктік коэффициенті

19.9%

19.9%

19.1%

20.0%

18.9%

 *капиталдың жеткіліктігіне қойылатын ең аз талаптар: k1 ­– 9,5%, k1-2 – 10,5% және k2 – 12,0%, әрбір коэффициент үшін 3% консервациялық буферді және 1% жүйелік буферді қоса алғанда.

Банктің бөлшек бизнесі

Банк 2019 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жеке тұлғалар салымының нарығында 37,8% үлеспен жетекші орынды иеленуін жалғастырып келеді. Банктің кредиттік портфелі есеп беру кезеңінің соңында нарықтағы 20,49% үлеспен 946,7 млрд.ты құрады.

2018 ж. төртінші тоқсанында Банк бөлшек клиенттер қорының тұрақты оң динамикасын көрсетті, ол 2019 ж. 1 қаңтар жағдайына 9,9 млн. клиентті, оның ішінде белсендісі (бірнеше банктік өнімді қолданушылар) – 7,2 млн. клиентті (73%) қамтыды.

Қазақстан Халық Банкі шығаратын төлем карталарының саны – 9,3 млн. дананы құрады. Белсенді төлем карталарына қызмет көрсету жөнінде банктің нарықтағы үлесі – 46,0%.

Банктің аймақтық өкілдіктерінің желісі көп жыл бойы Қазақстандағы ең кең таралғандардың бірі болып саналады. 2019 ж. 1 қаңтар жағдайының есебі бойынша 23 филиал мен 624 бөлімшеден тұрады.

Банктің төлем инфрақұрылымы есептік кезеңнің соңы бойынша 4408 банкомат пен 1 097 төлем терминалын қамтиды.

Жеке тұлғаларға қашықтықтан көрсетілетін қызметтер

Клиенттерді қашықтықтан сату арналарына тарту және ниеттестіктерін арттыру мақсатында Банк әртүрлі акцияларды, оның ішінде Банктің бірқатар төлемдері мен сервистері үшін комиссияны нөлдеу жөнінде іс-шараларды ұйымдастырды. Осылайша клиенттерге арналған ең танымал сервистер: коммуналдық қызметтер, МАИ айыппұлдарының төлемі, салық төлемдері, Оңай карталарын толықтыру және т.с.с. тегін беріледі.

Жүйені пайдаланушылар санының 3,48 млн. клиентке дейін өсуі Homebank жаңа нұсқасына өтудің және біріктірудің нәтижесі болып табылды. 2018 жылы интернет-банкингті пайдаланушылар 28,8 млн. төлемдер мен аударымдар жүргізген.

Homebank сервистерін белсенді дамыту 4 тоқсанда келесі мүмкіндіктерді ендіруге мүмкіндік берді:

- ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл жазылғаны туралы хабарландыру. Хабарлама жүйеде айыппұл пайда болған кезде автоматты түрде жіберіледі;

- Депозиттік желінің жаңаруы (онлайн ашуға болатын жаңа депозиттер қосылды);

- Оңай, Алсеко, ИВЦ коммуналдық төлемдері және ұялы байланыс сервистерін Go! бонустармен төлеу мүмкіндігі;

- Халық Банкінің карталары арасында АҚШ долларында аударымдар;

- Халық Банкінің карталары арасында мобильдік телефон нөмірін пайдалану арқылы аударым жасау;

- 20-таңбалы шот туралы хабарлама мен үзінді көшірме алу;

- 400 жаңа төлемдер (Android үшін: Chocotravel, Air Astana, балабақшалар, ЖОО және т.с.с.);

- 100 жаңа төлемдер провайдері (iOS үшін).

 Төлем терминалдары

2018 жылы Казкоммерцбанк пен Қазақстан Халық Банкі төлем терминалдарының және жеткізушілерінің паркі біріктірілді, ол: ай сайынғы несиелік берешек туралы ақпарат беру, А4 форматында шот туралы хабарламаларды жасақтау, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды қабылдау, медициналық сақтандыру төлемдері және т.б., терминал мәзірінен қызметтерді іздеу сияқты жаңа қызметтерді ендіруге мүмкіндік берді.

Банктің төлем терминалдарының желісі арқылы операциялар саны 2018 жыл қорытындылары бойынша 30% өсіп, 2017 ж. 11,9 млн. операциямен салыстырғанда 15,5 млн. жетті.

Әлеуметтік төлемдерді есепке алу

1996 жылдан бері Банк Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдері операторының ерекше әлеуметтік функциясын атқарып келеді және 2,4 млн. зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға қызмет көрсету бойынша көшбасшы орында тұр, ол Республикадағы барлық әлеуметтік төлем көлемінің 70,7% немесе алушылар саны бойынша 67,8% құрайды.

Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу

Банк 2018 жыл ағымында «Даму» Қорымен бірлесіп ҚР-да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысты және қатысуын жалғастырып келеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 2019 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Халық Банкі мақұлданған қарыз алушылар саны мен несиелік портфель көлемі бойынша қатысатын ЕДБ арасында жетекші орындар қатарында тұр.

Мысалы, Қазақстанда кредиттерді субсидиялау бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың 1432-інен Халық Банкі клиенттерінің үлесіне 299 мақұлданған жоба немесе 21% тиесілі. Банк берген қаражаттың көлемі 42,7 млрд. теңгені құрады, бұл ЕДБ клиенттерінің субсидияланған кредиттері жалпы көлемінің төрттен бірі.

«Даму» Қорының басқа жобасы - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын кредиттерге кепілдік беру бағдарламасының аясында «Даму» Қорының қол қойылған 4 853 шарттарының 1112 (23%) Халық Банкі қарыз алушыларының үлесіне тиесілі, бұл кредиттер бойынша кепілдіктер сомасы 16 млрд. теңгеден асады – ЕДБ клиенттерінің кепілдіктері жалпы сомасының 22% (73,5 млрд. теңге) құрайды. Аталған көрсеткіштердің әрбірі бойынша, кепілдік беру бағдарламасына қатысу аясында жекелей және тұтас алғанда Банк басқа банктер арасында сенімді түрде көшбасшы орынға ие.

2014 жылғы сәуірден бастап Өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОКС) қолдау бағдарламасы бойынша Банк 64 млрд. теңге бөлді. Екінші рет игеруді ескере отырып, Банк 173,2 млрд. теңге сомасына 648 жобаны қаржыландырды. Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық Банкі көш бастаған үштіктің қатарында тұр.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz