Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Finance «EMEA Finance» беделді халықаралық журналының «EMEA Finance Achievement Awards» марапатына 9-шы жыл қатарынан ие болды

13.05.2024

Танымал әрі беделді халықаралық “EMEA Finance” журналы (www.emeafinance.com) жыл сайын өтетін ""EMEA Finance Achievement Awards 2018"" атты капиталдың халықаралық нарықтарындағы ең үздік мәмілелерді мұқият іріктеу нәтижелері бойынша «Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ (бұдан әрі – ""Halyk Finance"") ұйымдастырған екі мәміле 2 белді санатта жеңімпаз болып танылды.

Акционерлік капиталдың нарығындағы үздік мәмілелер арасында «Жекешелендіру шеңберіндегі үздік мәміле» (“Best Privatization deal”) номинациясында мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде долларлық жаһандық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі – «ЖДҚ») Лондон қор биржасында, сондай-ақ ЖДҚ және теңгелік жай акцияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі «AIX») биржасында жалпы сомасы 451,3 млн АҚШ долларға орналастыру бойынша «Казатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ IPO мәмілесі жеңіп шықты, мұнда Halyk Finance Бірлескен Букраннер және жергілікті ұсыныс ұйымдастырушы ретінде әрекет етті. Осы транзакция AIX-та өткізілген алғашқы IPO және мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде ұлттық компаниялардың акцияларын кейінінен бірқатар орналастырулардың алғашқысы болып табылады.

Одна бөлек, Halyk Finance-тің басқа мәмілесі капиталдың борыштық нарығында үздік мәмілелер арасында танылды. «Швейцария франкіндегі облигациялардың ең үздік шығарылымы» («Best CHF Bond») номинациясында EMEA Finance жеңісті «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еурооблигацияларын айналым мерзімі 5 жыл болатын 170 млн швейцариялық франк жалпы сомасына шығару және орналастыру бойынша мәмілеге берді, мұнда Halyk Finance Бірлескен Жетекші Менеджер және Букраннер ретінде әрекет етті. Бұл мәміле AIX-та корпоративтік еурооблигацияларды алғашқы орналастыру болып табылады.

«2018 жылы біз өз клиенттеріміз үшін өте маңызды әрі елеулі жобаларды жүзеге асырып, күрделі жұмысты атқардық. Біз капиталдың борыштық қана емес, акционерлік те нарықта осындай беделді, әділ халықаралық жюри біздің жетістіктерімізді бағалағанын мақтан тұтамыз. Осы марапаттардың барлығы тағы да Halyk Finance компаниясының жоғары сапалы қызмет көрсетуге ден қойғанын және ол іске адалдығын білдіреді, сондай-ақ қызметкерлердің де, клиенттеріміздің де командасының жоғары кәсібилігін әділ бағалайды» - деп Halyk Finance Басқарма Төрағасының м. а. Мұрат Темірханов түсінік берді.

2018 жыл инвестициялық-банктік қызметтердің бәсекелі нарығындағы көп жылдар бойы көшбасшы позицияларын айтарлықтай нығайтып, Halyk Finance үшін табысты жыл болды. Осылайша, Global Finance, Global Business Outlook беделді басылымдардың және Cbonds ақпараттық агенттігінің версиясы бойынша Halyk Finance Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк болып танылды. Одан бөлек, Cbonds мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың қорытындылары бойынша Halyk Finance Еурооблигацяларды орналастыру бойынша қазақстандық андеррайтингтердің рэнкингінде көш бастады.

***

«Halyk Finance» АҚ – Қазақстандағы жетекші инвестициялық банк, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешеңін көрсетеді, соның ішінде қаржылық консалтинг және андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтері, соның ішінде компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату бойынша M&A кеңес беру қызметтері мен корпоративтік борыш құрылымын қайта қарау, және де брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздарды сату, KASE және AIX сауда алаңындағы маркет-мейкер қызметтері, инвестициялық портфельді басқару, жүйелі түрдегі аналитикалық қызметтер.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келіп, өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (банктік, зейнетақылық қызметтерді, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асырады.

EMEA Finance Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдерінің корпоративтік қаржы саласындағы ең маңызды оқиғалар мен жаңалықтарды жариялайтын халықаралық журнал.

«Halyk Finance» АҚ
Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департенті
www.halykfinance.kz
тел.: + 7 (727) 357 31 77

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Баспасөз қызметі
www.halykbank.kz
тел. +7 (727) 259 08 16