Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы

13.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) 2019 жылғы 18 сәуірде Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткені туралы хабарлайды. Жүргізілген жалпы жиналыстың қорытындылары бойынша Банк акционерлері келесі шешемдер қабылдады:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденовтың өкілеттігі 2019 жылғы 18 сәуірден бастап өз бастамасы бойынша оның жазбаша хабарламасы негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Антон Германович Мусин қосымша сайлансын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Антон Германович Мусин сайланған сәттен бастап және 2017 жылғы 21 сәуірдегі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында белгіленген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өкілеттік мерзімі белгіленсін.

Антон Германович Мусин «Станкин» Мәскеу мемлекеттік технологиялық универистетінде «машина жасау» мамандығы бойынша және Будапешт технологиялар және экономика университетінде роботты техника/машина жасау магистрі дәрежесін иемдене отырып білім алды.  Антон Германович Мусиннің банктерде және қаржы ұйымдарда бөлшек және корпоративтік клиенттерге арналған сервисті дамытуға бағытталған технологиялық инновацияларды және өнімдерді әзірлеу және енгізу саласында бай тәжірибесі бар. Сондай-ақ Антон Германович Мусин Банктің үлестес тұлғасы болып табылмайтынын және Банк пен оның еншілес ұйымдарының дауыс беруші акцияларына (қатысу үлестеріне) иелік етпейтінін атап өту қажет.

Осылайша, корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес Банктің Директорлар кеңесіне бес тәуелсіз директор кіреді және де он мынадай құрамда құрылды:

Александр Сергеевич Павлов – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;

Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Франк Кайларс – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Мәжіт Төлеубекұлы Есенбаев - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Алмэкс» холдингтік тобы» АҚ өкілі;

Кристоф Рёль – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Антон Германович Мусин – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Үміт Болатханқызы Шаяхметова – Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрайымы.

Қазақстан Халық Банкі - бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызмет көрсету, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару сегменттері бойынша Қазақстанның жетекші қаржы тобы.  Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, ал 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында листингі бар. Банк қазақстандық екінші деңгейлі банктердің арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Moody’s – Ba1 / Fitch – BB / S&P – BB). 2017 жылғы шілдеде Банк қазақстандық банк активтерінің     мөлшері жағынан екінші ірі – Казкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды және 2018ж. шілдеде оны толықтай біріктіріп алды. Қазақстандағы және Орталық Азия аймағындағы 8,9 трлн. актив көлемімен көшбасшы кредиттік ұйым болып табылады. Банктің бүкіл ел бойынша ең ірі клиенттік базасы мен филиалдық желісі – 656 филиалы мен бөлімшелері бар. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда жұмыс істейді. Өзбекстанда еншілес банкті ашуға дайындалуда. Банк туралы толық ақпарат https://www.halykbank.kz сайтында орналасқан.

Байланыс үшін:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ  PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz