Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казкоммерцбанк» АҚ қызметінің аяқталғаны туралы

13.05.2024

«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа біріктіру нысанында ерікті қайта ұйымдастыру процесінің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 1303-р бұйрығы негізінде «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылды және оның қызметі осымен аяқталды.

«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының барлық құқығы мен міндеттемесі бойынша құқық мирасқоры «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) - бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне, корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсетуді қоса алғанда, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару жөнінде түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстанның жетекші қаржы тобы. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың бағалы қағаздары 1998 жылдан бері Қазақстан қор биржасының және 2006 жылдан бері Лондон қор биржасының листингінде тұр. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ халықаралық агенттіктердің қазақстандық банктерге берген ең жоғарғы рейтингтерінің біріне ие: (Moody’s – Ba1 / Fitch – BB / S&P – BB). 2017 жылғы шілдеде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қазақстандық банк активтерінің мөлшері жағынан екінші ірі – «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының бақылау үлесін сатып алды және 2018 жылғы шілдеде оның активтерін толықтай біріктіріп алды.  
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2018 жылғы 31 желтоқсан есебі бойынша 8,9 трлн. актив көлемімен Қазақстандағы және Орталық Азия аймағындағы көшбасшы кредиттік ұйым болып табылады, бүкіл ел бойынша ең ірі клиенттік базасы мен филиалдық желісі – 656 филиалы мен бөлімшелері бар, сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда еншілес банктері жұмыс істейді. Осы жылы Өзбекстанда еншілес банк ашуды жоспарлап отыр. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ туралы толық ақпарат https://www.halykbank.kz корпоративтік интернет желісінде орналасқан.

Байланыс үшін:

«Қазақстан Халық банкі» АҚ  PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz