Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Инвестор Күнін өткізу туралы хабарлама

13.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ («Халық Банкі» немесе «Компания» – LSE: HSBK; KASE: HSBK) 2019 жылғы 20 мамырда Лондонда Инвестор Күні өткізілетіні туралы жариялайды. Компанияның топ-менеджменті Халық Банкінің стратегиясын іске асыру, мақсаттары мен нәтижелері туралы соңғы ақпаратты ұсынады, сонымен қатар сұрақ-жауаптар сессиясының уақытында аналитиктер мен инвесторлардың сұрақтарына жауап береді.

Тұсаукесер Лондон уақытымен сағат 09.00-де басталады және 15.00-ге дейін созылады. Кездесуге қатыса алмағандар үшін іс-шара уақытында онлайн аудио-трансляция ұйымдастырылады. Тіркеу Лондон уақытымен сағат 08.30-да басталады.

 Тұсаукесерге қатысатындар:

- Үміт Шаяхметова (Басқарма Төрайымы, Директорлар Кеңесінің мүшесі)

- Мұрат Көшенов (Басқарма Төрағасының Орынбасары, Корпоративті бизнес)

- Виктор Скрыль (Стратегиялық Офис Басшысы)

- Мира Қасенова (Қаржы институттары және халықаралық қатынастар басқармасының Басшысы)

Тек институционалды инвесторлар мен аналитиктер ғана іс-шараға қатыса алатынына назар аударуды сұраймыз.

Инвестор Күнінің тұсаукесер материалдары компанияның https://halykbank.kz/ вебсайтында қолжетімді болады

Өткізілетін мекенжайы: London W1B 1JA, Marylebone, 1C Portland Pl, The Langham Hotel, Fitzrovia конференц-залы

«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі

тел.: +7 (727) 259 03 01
Email: pr@halykbank.kz